Меню

Страницы

Статья

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

«Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» КММ

           2026 жыл

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

-   Шымкент қаласы аумағында байланыс операторларының көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы»  Заңының  10-бабының 1-тармағының 3-2-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган құзырына байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциялар беріліп, аталған норма 2024 жылдың 15 шілдеден бастап күшіне енген.

Алайда, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тек 2025 жылғы 17 қарашада қабылданып, осы уақыттан бастап қана аталған Заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган өкілдеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау құқығы берілген.

         Осы себептерге сәйкес, 2025 жылы бақылау жұмыстары жүргізілмеген.

         Алдағы уақытта, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 148-бабының 1-тармағына сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау мен қадағалауды өткізу мерзімдерінің бұзылу фактілерін болдырмау, тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталған жағдайда субъектіге қатысты айыппұл сомасы көрсетіле отырып әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау және анықталған бұзушылықтарды нақты мерзімде жою туралы нұсқама беру кезінде, тексеру субъектісіне (нысанға) бару кезінде қызметкерлердің қажетті біліктілігі, қабілеттілігінің тиісті дәрежеде болмауы салдарынан тексеру мерзімін бұзу, нұсқаманы дұрыс толтырмау және тағы да басқа сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілері орын алуы ықтималдығы. 

–        Шымкент қаласы аумағында байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциялары жүктелген қызметкерлер жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді ЕРСОП жүйесінде уақтылы ресімдеуіне тұрақты бақылау жүргізу;

–        Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде байланыс саласындағы тексеру парақтарын, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды Тексеру актілерін тіркеу қағидаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды міндетті түрде жасау және рәсімдеу бойынша бақылауды күшейту.

 

Оқу ұйымдастырып, нұсқаулықтан өткізу

-

1 қыркүйекке

дейін

2

Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңының 10-бабының 16-5) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Кодекстің 79, 640 және 641-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құқығы бар.

          Бақылау фунциясы жергілікті атқарушы орган құзырына берілгенімен, 2025 жылы бақылау жұмыстары жүргізілмеген. Алдағы уақытта, аталған функцияларды іске асыру үшін мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру курстарынан өткізу жұмыстары ұйымдастырылмаған.  Бұл өз кезегінде жеке кәсіпкерлердің дербес деректермен жұмыс істеу барысын тексеру кезінде қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруға қажетті біліктілігі, қабілеттілігінің тиісті дәрежеде болмауы салдарынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілері орын алуы ықтималдығы. 

Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциялары жүктелген қызметкерлерге оқыту ұйымдастырып, нұсқаулықтан (инструкция) өткізу;

 

Оқу ұйымдастырып, нұсқаулықтан өткізу

-

1 қыркүйекке

дейін

 

 

Дата публикации
04 сентября 2024
Дата обновления
24 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
iKomek 109
15 апреля 2025
Азаматтарды қабылдау орталығы
Ақпарат
04 сентября 2024
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ

Социальные медиа

• Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы