Аналитическая справка внутреннего анализа, проведенного в целях выявления коррупционных рисков в государственном учреждении "Управление цифровизации города Шымкент"

 

«Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында

жүргізілген ішкі талдаудың

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

 

 

Шымкент қаласы                                                                      2022 жылғы 13 мамыр

 

Ішкі талдау жүргізу обьектісінің толық атауы:

«Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Басқарма).

 

Ішкі талдау жүргізудің негіздері:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары және Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының 2022 жылғы  5 мамырдағы №19-н/қ бұйрығы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың бағыты:

  • Басқарма қызметіндегі нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы:

 

1.

Ботабаев Нурбек Қасымбекович

 

-

бизнес процестерді автоматтандыру бөлімінің басшысы;                                                        

2.

Туғанбай Мақсат Маратұлы

-

цифрлық трансформация бөлімінің басшысы;

3.

Әби Шынболат Бекділдаұлы

-

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бөлімінің басшысы;

4.

Қуаныш Айдар Қанатұлы

-

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бөлімінің бас маманы.

 

Ішкі талдауға өзге субъектілердің мамандары мен сарапшылары тартылған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 04.04.2022 жыл (30 күнтізбелік күн).

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2021-2022 ж.ж. (қаңтар-наурыз).

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Н.Ботабаев.

 

KPI 1: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ БАРЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУМЕН ҚАМТЫЛҒАН БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ (%) (ЖАО-лардың бөлімшелері: әкім аппараты және облыстық басқармалар).

2 Жоба: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

1 - міндет: Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмыстарының сипаттамасы:  

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы негізгі міндеттерді орындау барысында:

 Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы",  «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», "Байланыс туралы"  Заңдарын және осы Заңдардан туындайтын өзге де нормативті –құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Басқармаға жүктелген функцияларды іске асыру барысында қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.

2-міндет: Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3-міндет: Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

4-міндет: Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  • Басқармада 2022 жылғы істер номенклатурасы бекітілген; Бұйрықтарды тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген;
  • Басқарма 3 бөлімнен, 1 бағынысты мекемеден тұрады. Штат саны - 10. Еңбек шартымен жұмыс істейтін қызметкерлер саны - 13.
  • Талдау барысында басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмады;
  • Басқарманың ережесінде және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында дискрециялық өкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететін нормалар анықталмады;
  • 2021 жылдың 1-жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке қабылдау конкурстарын өткізу процесінде сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдері анықталмады;
  • Келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлер «Халықты жұмыспен қамту орталығының» жолдамасы арқылы қабылданған;
  • Бағынысты мекемелер бойынша: «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысын (А.Амиртаев) алғаш жұмысқа (2020 жылғы 5 қыркүйекте) тағайындау барысында тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына кірістері мен мүліктері туралы жөніндегі өзінің және жұбайының декларациясын тапсыруды талап етпеу кемшілігі анықталған. Аталған кемшілік Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тарапынан жүргізілген тексеу қортындысы бойынша анықталып, кемшілікке жол берген жауапты маманға (Ж.Жанаеваға) 2021 жылғы 23 маусымдағы №54-н/қ бұйрығымен «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған. 
  • Шымкент қаласының цифрландыру басқармасында 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабына және 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны шешу бойынша алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау жөнінде басқарма қызметкерлерінің арасында 2021 жылғы 20 қаңтарда түсіндіру бойынша құқықтық сабақ өткізілген.

Ұсыным: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11 бабы 3 тармағы 4 тармақшасын қатаң сақтауды қамтамасыз етуді, мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша құқықтық сабақтар ұйымдастыруды ұсынамыз;

  • талдау барысында, басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жыл сайынғы кіріс пен мүлік туралы декларацияны тапсырмау және заңмен белгіленген тиісті шектеулері қабылдамау фактілері анықталмады;
  • келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің және бағынысты мекеме басшысының жеке іс құжаттарын тексеру барысында кемшіліктер анықталмады;
  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша: негізгі құрам бойынша - 116; жеке құрам бойынша (мемлекеттік қызметшілер) - 33; жеке құрам бойынша (еңбек шарты бойынша жұмыс атқаратындар) - 54 бұйрық, іссапар туралы – 10 бұйрық қабылданса, 2022 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша: негізгі құрам - 12; жеке құрам бойынша (мемлекеттік қызметшілер) - 11; жеке құрам бойынша (еңбек шарты бойынша жұмыс атқаратындар) - 19 бұйрық, іссапар туралы – 2 бұйрық қабылданған;

Қабылданған бұйрықтар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Анықтама үшін: 2021 жылы – 5 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған, 2022 жылы 1-тоқсан бойынша – тәртіптік жаза мемлекеттік қызметшілерге қолданылдылмаған.

 

5-міндет: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарма «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер функциялары» жоқ

6-міндет: Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада «Рұқсат етуші функциялары» жоқ.

 

7-міндет: Бақылау функцияларды жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада «Бақылау функциялары» жоқ.

 

8-міндет: Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау барысында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі орын алмағанымен, құқық бұзушылыққа жол берілген.

Атап айтқанда, 2021 жыл қорытындысы бойынша 65 өтініш қаралып, оның 1 өтінішке құзырлы органға жіберу 3 күндік мерзімі бұзылып, жауап жіберілгені анықталған.  

Бұл құқық бұзушылыққа жол берген цифрландыру және цифрлық инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Ш.Әбиге «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.

Ұсыным: Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қарау барысында орындаушылық тәртібіне тиісті ведомстволық бақылауды күшейтуді ұсынамыз.

 

9-міндет: Қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2021 жылы:

ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің Шымкент қаласы бойынша аудит депртаментінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №114 «Аудиторлық іс-шараны (тексеру) жүргізуге нұсқауға» сәйкес бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігіне іс-шаралар (тексеру) жүргізілді. Тексеру 01.01.2019 – 01.07.2021 жылғы аралық кезеңді қамтыды. Тексеру қорытындысы бойынша  Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №06-11/3073  «Анықталған  бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамасы» берілді. Тексеру қортындысы бойынша басқарма тарапынан 2019 жылғы 1963,0 мың теңге, 2020 жылғы 845,3 мың теңге және 2021 жылғы  1 шілдесіне 562,9 мың теңге, жалпы 3371,2 мың теңге сомасындағы iссапарлар туралы есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуларды есепке алу үшін есептері бухгалтерлік құжаттама нысандарына сәйкес жасалмағаны, яғни    3371,2 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталған. 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 жылғы 2 тамыздағы №390 «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» бұйрығының 82 қосымшасы №286 нысанының талаптары сақталмағанын, алайда аудиторлық тексеру барысында, iссапарлар туралы есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуларды есепке алу үшін есептері аталған бұйрықтың 82 қосымшасы  №286 нысанының талаптарына сәйкестендірілген.

Сонымен қатар, нұсқамада көрсетілген бұзушылықтарға жол берген жауапты мамандардың:

1) 2019 жылғы қаржылық құжаттарға қол қоюға жауапты тұлғалар:

- басқарма басшысы А.Юсупова Шымкент қаласы әкімінің 2019 жылғы                            12 қыркүйектегі №204-к өкімі негізінде,

- басқармадағы бухгалтерлік есептерді жүргізуге жауапты бас маман А.Серикбаева басқарма басшысының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 9-ж/қ-мқ бұйрығы негізінде жұмыстан босатылған.

2) 2020 жылғы қаржылық құжаттарға қол қоюға жауапты тұлғалар:

- басқарма басшысы А.Оспанов Шымкент қаласы әкімінің 2020 жылғы                              18 тамыздағы №172-к өкімі негізінде,

- бухгалтерлік есептерді жүргізуге жауапты бөлім басшысы А.Избасаров басқарма басшысының 2021 жылғы 15 ақпандағы №4-ж/қ-мқ бұйрығы негізінде,

- бухгалтерлік есептерді жүргізуге жауапты бас маман К.Тогисбекова басқарма басшысының 2021 жылғы 3 маусымдағы №15-ж/қ-мқ бұйрығы негізінде жұмыстан босатылуына байланысты, жауапкершілігін қарау мүмкіндігі болмаған.

Ұсыным: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 жылғы 2 тамыздағы №390 «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» бұйрығы талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етуді ұсынамыз.

 

10-міндет: Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау.

Талдау барысында басқармада жасырын көрсетілетін қызметтер анықталмады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау нәтижелері.

  • Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат:
  • Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысын тағайындау барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы 11 бабының 3 тармағы, 4 тармақшасының сақталмауы;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қарау барысында (мерзімінде жауап беру) заң талаптарын сақтамауы;
  • ҚР Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 жылғы 2 тамыздағы №390 «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» бұйрығы талаптарын сақтамау фактілері анықталды.

 

  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:
  • Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11 бабы 3 тармағы 4 тармақшасын қатаң сақтауды қамтамасыз етілсін;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қарау барысында орындаушылық тәртібіне тиісті ведомстволық бақылауды күшейтілсін;
  • ҚР Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 жылғы 2 тамыздағы №390 «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» бұйрығы талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етілсін.
  • Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды жүзеге асыру мерзімдері:
  • 2022 жылдың 30 желтоқсаны.

 

Н. Ботабаев

 

М. Туғанбай

 

Ш. Әби

 

А. Қуаныш

Дата публикации
07 июня 2022