«Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын Шымкент қаласы әкімдігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 15) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын Шымкент қаласы әкімдігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №372 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қаңтардағы №103 (1642) «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шымкент қаласы әкімдігінің және оған бағынысты ведомстволық ұйымдарының интернет-порталына орналастырылатын ашық деректер тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
- осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
- осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Ергешбекке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
________________ А.Қ.Жұмағалиев
« ____ » ____________ 2020 жыл