Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептер

Шымкент қаласы әкімдігімен ұсынылатын мемлекеттік

қызметтер бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Шымкент қаласының әкімдігімен барлығы 188 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынылды.

188 қызметтің 127-і «Электрондық үкіметтің» порталы, 28-і Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылса, 40 қызмет уәкілетті органдар арқылы ұсынылған.

2019 жылдың үшінші тоқсанында Шымкент қаласының әкімдігімен барлығы жеке тұлғаларға 3 286 073 және заңды тұлғаларға 3 098 қызмет ұсынылды (барлығы – 3 289 171), оның ішінде:

- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) арқылы қағаз түрінде жеке тұлғаларға 669 510 және заңды тұлғаларға 325 қызмет (20,3%);

-   Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түріндежеке тұлғаларға 68 076 және заңды тұлғаларға 1 246 қызмет (2,1%);

- электрондық түрде жеке тұлғаларға 2 548 487 және заңды тұлғаларға 1 527 қызмет (77,5%) қызмет ұсынылған.

Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізді бас тартылу саны – жеке тұлғаларға 748 және заңды тұлғаларға 426 бірлік.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзу бойынша 2019 жылдың екінші тоқсанында 4 факт анықталды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеді.

Бақылау іс-шарасы бекітілген жоспарға сәйкес 18 нысанға жүргізу қажет болған Барлығына жүргізілді және берілген ұсынымдар орындалды.

Анықталған кемшіліктер саны – 140 бірлік. Оның ішінде:

-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 45 бірлік;

-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері–6 бірлік.

Мемлекеттік қызметтерді электронды көрсету сапасын арттыру мақсатында халыққа түсіндірме іс-шаралар жоспары бекітіліп,  маусым айынан бастап 133 объектіде 14 146 адамға «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды мемлекеттік қызметтерді пайдалану бойынша семинарлар өткізілді.

        Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 363 адам оқытылды.

 

 

Дата публикации
24 февраля 2020