Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Шымкент қаласының цифрландыру  басқармасының  2019 жылы                    11 айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау бойынша атқарылған жұмыстар туралы

МӘЛІМЕТ

(басқарма 26.02.2019 жылғы № 173 қаулыға сәйкес қайта құрылған)

 

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасында (Әрі қарай - Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ішкі талдауы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларын бекіту туралы» және басқарманың 2018 жылғы 26 желтоқсан №36 бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың 1 наурыз – 30 қыркүйек аралығы кезеңде басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:

  • басқармасының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылық жасауға ықпал ететін өкілеттік пен нормаларды анықтау;
  • персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  • мүделлер қақтығысын реттеу;
  • басқарма қызметінен туындайтын өзге де мәселелер;
  • басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
  • бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
  • басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  • сот актілері.

Талдамалық анықтама:

  1. Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілермен және құқықтық актілердің арасында сыбайлас жемқорлық және бұзышылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.

Талдау қорытындысы бойынша дискрециялық уәкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылын жасауға ықпал ететін нормалар анықталмады.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 173 қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы жаңадан құрылды.

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасында бүгінгі күнге жалпы штат саны - 10, нақты - 8, оның ішінде бос орындар - 2. Келісім шарт бойынша жалпы штат саны - 13, нақты - 8.

Сонымен қатар, меритократия бойынша басқарманың мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс нәтижесінде:

  1. Цифрландыруды жүзеге асыруды мониторингілеу бөлімінің басшысы (ДО-3 санаты) – осы басқарманың басшысы (ДО-1 санаты) лауазымына;
  2. Цифрландыру және цифрлық инфрақұрылым бөлімінің бас маманы лауазымынан (ДО-4 санаты) - осы бөлімнің басшысы  лауазымына (ДО-3 санаты),
  3. «Электрондық әкімдікті» дамыту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бөлімінің жетекші маманы лауазымынан (ДО-5 санаты) – цифрландыру және цифрлық инфрақұрылым бөлімінің бас маманы (ДО-4 санаты) лауазымына

 барлығы -  3 қызметкер тағайындалған.

 

Жыл басынан бері басқарма басшының 153 бұйрығы (негізгі бұйрықтар – 58, жеке құрам (мемлекет қызметкерлерінің арасында) бойынша бұйрықтар -48, жеке құрам (келісім шарт арқылы) бойынша бұйрықтар - 39, іссапар туралы – 8 бұйрық) дайындалды.

Жыл басынан бері басқарманың 1 қызметкеріне (Р.Акжигитовке) тәртіптік шара көрілді.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмады. Басқармада ерлі-зайыптылар мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары анықталмады.

  1. 2019 жылдың аяғына дейін Шымкент қаласының әкімдігімен ұсынылатын қызмет түрлерінің 80 пайызын автоматтандыру жоспарлануда. Бүгінгі күні Шымкент қаласының әкімдігімен 181 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері ұсынылады. Осы қызметтердің жыл аяғына дейін 152-н автоматтандыру жоспарланған. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет және жер қатынастары салалары бар. Бүгінгі күні білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет және қала құрылысы салаларындағы қызметтер автоматтандырылды. Қазіргі таңда интеграциялануы қажет ақпараттық жүйелермен тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтер бойынша «Сәулет басқармасының геосервисі» порталы іске қосылып, бүгінгі күні монополиялық мекемелерден (су, жарық, газ, байланыс, жылу) техникалық шарттарды электронды түрде алуға қол жеткізілді. Сәулет-жоспарлау тапсырмалары (бұдан әрі-СЖТ) тек қана электронды түрде ұсынылуда. Бұл әсіресе құрылыс жұмыстарын бастағалы отырған халыққа өте қолайлы жағдай туғызып, алты жұмыс күнінің ішінде СЖТ алуға мүмкіндік беруде.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінен нысанға нөмір беру, оны нақтылау және жою қызметтері «Сәулет басқармасының геосервисі» порталы арқылы жүзеге асып, азаматтардың өтініштері бір жұмыс күнінің ішінде қанағаттандырылуда және қағазбастылық елу пайызға қысқартылды.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға ұсынылатын қызметтер ілгеріде қағаз жүзіндегі кезектілік бойынша ұсынылса, 2019 жылы барлық материалдық көмекке мұқтаж жандардың кезектілігі, материалдық көмектердің көлемі және өзге де қажетті ақпараттарды ақпараттық жүйеден көру мүмкіндігі болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 8 қызмет түрі бүгінгі күні автоматтандырылды. Ақпараттық жүйелер арасындағы байланыс, туындаған техникалық мәселелер бойынша жұмыстар пысықталуда. Қазіргі таңда «АХАТ» тіркеу пункті, ЖТ МДҚ және зейнетақы төлемдері ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылдың қараша айына барлық интеграциялау, өзге де мәселелер толық шешіліп, портал толыққанды жұмыс жасайды.

Денсаулық сақтау саласындағы бірқатар қызметтер бүгінгі күні толыққанды электронды форматқа өтті. Қазіргі таңда дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру сияқты ең әлеуметтік маңызды қызметтерді ешқайда бармай ақ, ақпараттық жүйелер арқылы электронды форматта алуға болады.     

Жер қатынастары саласының қызметтерін автоматтандыру бойынша әлеуеттік өнім берушімен тиісті келісім-шарттар Жер қатынастары басқармасы тарапынан жасалған. Қазіргі кезде ақпараттық жүйелерде туындаған мәселелер бойынша тиісті пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және қала тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру үшін қала әкімдігімен 2019 жылы арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес 78,5 тұрғынның цифрлық сауаттылығы арттылуы қажет болса, бұл көрсеткіш 94,5 пайызға ал, 2018 жылы жоспар бойынша 77,0 пайыз орындалу қажет болса, 85 пайызға орындалған.

  1. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша қызметкердің қатысуымен 2 құқықтық оқу сабақтары өткізілді. Басқарма қызметкерлерімен БАҚ 1 мақала жарияланып, басқарма басшысымен 1 сұқбат берілді.

            Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы орналасқан жері яғни, әкімшілік-іскерлік орталығы ғимаратының 9-қабатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы үгіт материалдар орналастырылды.

            Басқарманың барлық қызметкерлері жыл сайынғы кіріс пен мүлік туралы декларация тапсырған.

  1. Жыл басынан бері басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 20 арыз – өтініш түсіп, оларға мерзімінде жауаптар жолданды.
  2. Басқарма тарапынан Шымкент қаласының соттарына талап арыздар жолданбаған және басқарма қызметіне қатысты сотта арыз – шағымдар қаралмаған.

Қорытынды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша құқық бұзушылық анықталмады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыс тобы келесі жұмыстарды атқаруды

ҰСЫНАДЫ:

  1. Басқарма қызметіне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді алдын – алу мақсатында жоспарланған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін автоматтандыруды аяқтау;
  2. «Моралдық-әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мінсіз беделін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау мақсатында заңнама талаптарына сәйкес, құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізу;
  3. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» орындалуын қамтамасыз ету.

 

 

 

«Электрондық әкімдікті» дамыту және

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын

бақылау бөлімінің басшысы                                                                  Д.Алибеков

 

 

Цифрландыру және цифрлық

инфрақұрылым бөлімінің басшысы                                     Р.Акжигитов

 

Цифрландыруды жүзеге асыру мониторингі

бөлімінің  бас маманы                                                                              Ж.Жанаева

 

Дата публикации
24 февраля 2020