Шымкент қаласының аумағында цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырудағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Құқықтары мен міндеттері:
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, қала әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;
- заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, аудандардың жергілікті атқарушы органдарынан, басқа да ұйымдардар өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыруға қажетті мәліметтер сұратады, сондай-ақ, басқа мемлекеттік органдарға мәліметтер ұсынады;
- өз құзыреті шегінде Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізуді асырады.