Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, қала әкімі, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, басқармалар мен ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Сессия жұмысы онлайн трансляцияланды.
Сессияның күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, шешім қабылданды.
Оның ішінде, 2026–2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті нақтылады. Нәтижесінде қала бюджетінің көлемі 868 млрд теңгеден 893 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар толық аяқталып, пайдалануға берілетін құрылыс объектілерінің тізбесі бекітілді. Жоба құрылыс нысандарын жобалаудан бастап, пайдалануға беруге дейінгі жұмыстар кешенін қамтитын болады.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақысын белгілеу тәртібі заңнамадағы өзгерістерге сәйкестендірілді.
Бұдан бөлек, «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітіліп, «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» ММ туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілді.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бұған дейін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында алдын ала қаралып, депутаттар тарапынан қызу талқыланған. Барлық ұсыныстар мен ескертулер ескеріліп, ортақ шешімге келген.
Сессия соңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қалада атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып, мәслихат депутаттарымен бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі өтіп, қала дамуына және тұрғындардың әл-ауқатына тікелей қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды.
Мәжіліске аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық басқармалар мен ұйымдардың басшылары, полиция және төтенше жағдайлар департаменттері басшылары қатысты.
Күн тәртібіне енгізілген 6 мәселе депутаттардың жан-жақты талқылауынан өтті. Оның ішінде 2026–2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетіне өзгерістер енгізу, толық бітіріп берілетін құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақыларын белгілеу мәселелері бар.
Бұдан бөлек, халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын берудің жаңа қағидаларын бекіту, сондай-ақ заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты мәслихат аппаратының ережесін жетілдіру мәселелері қаралды.
Талқылау барысында депутаттар ұсынылған мәселелердің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын және қабылданатын шешімдердің тұрғындар үшін нақты нәтижесін назарға алды.
Әр мәселе бойынша жауапты басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалып, депутаттар тарапынан нақты сұрақтар қойылып, тиісті түсіндірмелер берілді.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі – алда қабылданатын шешімдердің жан-жақты зерделеніп, олардың тиімділігі мен орындалуына депутаттық бақылау қамтамасыз етілетін маңызды алаң.
Мәжіліс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер сессияның қарауына ұсынылды.
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс XXXVII сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, қала әкімі Ғ. Сыздықбеков, әкімдік мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімдері, басқармалар мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кадрлық өзгерістерге байланысты Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы бекітілді.
Сессия барысында Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетовтің Қазақстан Республикасының Құрылтайына «ӘDІLET» партиясынан кандидат ретінде тіркелуіне байланысты өз өтініші негізінде қызметінен босатылды. Сондай-ақ өздері сайланған саяси партиялардың қатарынан шығуына байланысты депутаттық өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған депутаттар А. Наимбекова мен Б. Әшірбаев мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың құрамдарынан шығарылды.
Сонымен қатар мәслихаттың кәсіпкерлікті дамыту және цифрландыру жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып М. Қонақбаев бекітілді.
Депутаттардың ашық дауыс беруінің қорытындысымен Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы болып М. Жолдыхожаев сайланды.
Өз кезегінде депутаттар жаңадан сайлаған мәслихат төрағасы Мұрат Жолдыхожаевқа сенім білдіріп, жергілікті өкілді және атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, қала тұрғындарының мүддесіне бағытталған бастамалардың сапалы жүзеге асуына серпін беретініне сенім білдірді.
Сессия барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәслихаттың бұрынғы төрағасы Бахадыр Нарымбетовке жергілікті өкілді орган қызметінің дамуына, депутаттық корпустың нәтижелі жұмысына және қаланың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.
Бүгін қала мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, қала әкімінің бірінші орынбасары А. Кәрімов, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысы тікелей эфир арқылы онлайн трансляцияланды.
https://www.youtube.com/watch?v=fhHww9_NNJ8 https://www.youtube.com/watch?v=fhHww9_NNJ8
Сессия барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған 8 мәселе қаралды.
Тұран ауданы әкімінің лауазымына ұсынылған кандидатураның бағдарламасын тыңдап, Б.Қ Әзімбердиевті тағайындауға келісім берілді.
Шымкент қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері бекітілді. Бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тиімділігі талқыланды.
Сонымен бірге, депутаттар жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есепті қарады. Жобалардың орындалуы, инвестициялық міндеттемелердің жүзеге асырылуы және мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуы мәселелері зерделенді.
Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалды. Әлеуметтік мәні бар жолаушылар қатынастарының тізбесіне қосымша 3 маршрут енгізілді.
Сессия барысында сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Шымкент қаласының Құрмет грамотасы» табысталды.
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХХVІ сессиясына ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі өтті.
Мәжіліс барысында 2025 жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы есептер, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы және қаржылық тәртіп мәселелері қаралды.
Отырыста жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жобалардың орындалуы, инвестициялық міндеттемелердің жүзеге асырылуы және бюджет тиімділігі мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, депутаттар туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының атқарылған жұмыстары туралы есепті, жолаушылар көлігі саласындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне енгізілетін өзгерістер мен учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша депутаттардың ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, қаралған мәселелер бойынша тиісті шешім жобалары Шымкент қаласы мәслихатының алдағы кезекті сессиясының қарауына ұсынылды.
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының Бюджет және экономикалық даму, Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыста Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы қала бюджетінің атқарылуы жөніндегі есептері қаралып, бюджет қаражатының игерілуі мен даму көрсеткіштерінің орындалу барысы талқыланды.
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының есебі қаралып, туризм әлеуетін арттыру, халықаралық байланыстарды дамыту және креативті индустрияны қолдау бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдалды.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне қосымша маршруттар енгізу мәселесі айқындалды.
Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша ұсыныстарын білдіріп, алдағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.
Бүгін Шымкент қаласы Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен қаладағы дендросаябақ аумағында сенбілік жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында саябақ аумағын тазалау, қураған бұталар мен қоқыстарды жинау жұмыстары жүргізілді.
https://www.facebook.com/100008050568138/videos/pcb.4453853571559618/952730660716885
Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және туған жерге жанашырлықпен қарау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қаламыздың көркеюі мен тазалығы тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, барша тұрғындардың белсенділігіне де байланысты.
Осы орайда, барлық қала тұрғындарын тазалық акцияларына белсенді қатысуға, өз аулалары мен қоғамдық орындардың тазалығына бейжай қарамауға шақырамыз. Бірлескен еңбек пен жанашырлық арқылы ғана таза әрі жайлы қала қалыптастыра аламыз.
Таза қала – жарқын болашақтың кепілі!
Табиғатты аялау – өзімізден басталады!
Бүгінде Шымкент қаласында білім беру мекемелерінің күрделі жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Мердігер мекемелерге қойылар басты талап - құрылысты сапалы әрі өз мерзімінде орындау. Шымкент қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері шаһардағы бірқатар мектептердегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Бұхарбай Парманов бастаған Қоғамдық кеңес өкілдері алдымен А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицей ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын аралап көрді. Мұнда қазір мердігер «Югстройсервис-Н» ЖШС-ның 100 қызметкері жұмылдырылған. Учаске бастығы адам санын 200-ге дейін көбейтетінін айтады. Жоспарға сәйкес, мектептегі жылу жүйесі де өзгермек. Жалпы айтқанда, жұмыстар кестеге сәйкес атқарылуда.
– Ең бастысы, сапаға мән беріңіздер. Қала әкімдігімен бірлесе Қоғамдық кеңес тарапынан да құрылыстың барысы біздің қадағалауымызда болады. Жұмысты өз мерзімінде аяқтау үшін адам санын көбейтіңіздер. Жұмысты сапалы істеу - басты талап, – деді Бұхарбай Рысқұлұлы.
Қазіргі таңда №46 мектеп-лицей ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары да басталған. Мердігер мекеме мектептің қасбеті мен шатырын ауыстыру жұмыстарын атқаруда. 2700 бала оқитын білім ошағы құрылысын тамыздың ортасында аяқтау жоспарда тұр.
Сондай-ақ, қазіргі таңда ұлдарға арналған №1 оқу-инновациялық лицей-интернатының жатақханасын, №106 «Қайнарбұлақ» жалпы білім беретін орта мектебі, Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Қоғамдық кеңес мүшелері және қалалық құрылыс басқармасының өкілдері аталған білім ошақтарында да болып, мердігерлерге жұмысты сапалы орындау қажеттігін ескертті.
Бүгін Шымкент қаласы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы Бұхарбай Парманов ашып, жүргізді.
Күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды.
🔹 Жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов баяндама жасады.
🔹 Шымкент қаласындағы құрылыс нысандарының сапасы туралы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Торибаев баяндады.
🔹 Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың қорытындылары және бағаны тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар туралы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекамбаев баяндама жасады.
Отырыс барысында кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылып, жауапты сала басшыларына тиісті ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Қоғамдық кеңес алдағы уақытта да қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді тұрақты бақылауда ұстайтын болады.
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының Бюджет және экономикалық даму, Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыста Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы қала бюджетінің атқарылуы жөніндегі есептері қаралып, бюджет қаражатының игерілуі мен даму көрсеткіштерінің орындалу барысы талқыланды.
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының есебі қаралып, туризм әлеуетін арттыру, халықаралық байланыстарды дамыту және креативті индустрияны қолдау бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдалды.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне қосымша маршруттар енгізу мәселесі айқындалды.
Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша ұсыныстарын білдіріп, алдағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.