Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47 /386-6с шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов