Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шымкент қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/120-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 203-17 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов