«Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/124-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/124-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 204-17 болып тіркелген) мынадай өзгерістер
енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шымкент қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабы 5-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;

көрсетілген шешімге 1-қосымшада айқындалған Шымкент қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы                                               Б. Нарымбетов

Дата публикации
29 декабря 2025