2026-2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер – 816 183 982 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер – 610 532 693 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 1 729 110 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 379 472 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 1 894 897 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 196 647 810 мың теңге;
2) шығындар – 760 729 701 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 5 804 235 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер – 8 000 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 195 765 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 49 650 046 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 49 650 046 мың теңге.
2. Қала әкімдігінің 2026 жылға арналған резерві 12 500 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2026 жылға арналған борышының лимиті 238 959 921 мың теңгені құрайды.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша 2026 жылға арналған мемлекеттік міндеттемелер лимиті 336 686 274 мың теңгені құрайды.
5. 2026 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi осы шешімге 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
6. Қаладағы аудандардың 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары осы шешімге 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесі осы шешімге 6-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
8. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.


Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы                                               Б. Нарымбетов

Дата публикации
29 декабря 2025