«Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:» қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

Дата публикации
25 декабря 2025