Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1бабының 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасының 10%, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден артық емес мөлшерді құрайды деп айқындалсын.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

Дата публикации
24 декабря 2025