«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов