«Шымкент қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 51/429-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы» 2019 жылғы 27 маусымдағы № 51/429-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 52 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 3-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шешім
Дата публикации
08 октября 2025