Шымкент қаласының мәслихаты: ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ
1. Шымкент қаласы мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 23/195 VIII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шымкент қаласының 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер – 825 414 466 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер – 451 178 026 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 22 390 899 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23 017 846 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 328 827 695 мың теңге;
2) шығындар – 873 294 705 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 7 406 401 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 10 000 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 593 599 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 959 262 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 959 262 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 56 245 902 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 56 245 902 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов