«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты Шымкент қаласы бойынша жаңадан ашылған 12 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының (82 бос орын), сонымен қатар, бос тұрған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық №7 округі бойынша округтік сайлау комиссиясы (1 бос орын), мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі №7 бірмандаттық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы (1 бос орын), Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (1 бос орын), Абай ауданының учаскелік сайлау комиссиялары (13 бос орын), Әл-Фараби ауданының учаскелік сайлау комиссиялары (3 бос орын), Еңбекші ауданының учаскелік сайлау комиссиялары (9 бос орын), Қаратау ауданының учаскелік сайлау комиссиялары (11 бос орын) және Тұран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (2 бос орын) бойынша құрамдары қалыптасатыны туралы хабарлайды.