Қоғамдық кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» (бұдан әрі – Заң) Заңының 2-1-бабы 2-тармағының
4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесi коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтармен бiрлесiп өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Шымкент қаласының мәслихаты құратын консультациялық-кеңесшi, бақылаушы орган болып табылады.

3. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңды (бұдан әрі – Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен осы ережені басшылыққа алады.

1-параграф. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері

4. Қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.

5. Қоғамдық кеңестің міндеттері:

5.1. азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық, әрі жергілікті деңгейде талқылаулар мен шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеру;

5.2. орталық атқарушы органдар мен Шымкент қаласының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту;

5.3. қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік органдардың және Шымкент қаласының өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

2-параграф. Қоғамдық кеңес қызметінің қағидаттары

6. Қоғамдық кеңес өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

6.1. тәуелсіздік;

6.2. оның мүшелерінің ерікті негіздегі қызметі;

6.3. дербестік;

6.4. тәуелсіздік;

6.5. жариялылық.

Дата публикации
15 апреля 2025