ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Шымкент қаласы қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы Әлтеев жүргізіп отырды.

Жиынға Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов қатысып, Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 30 жыл толуына орай қоғамдық кеңес мүшелерін, қаланың құрметті азаматтарын, белсенді азаматтарды «Жергілікті өкілді органдардың дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Күн тәртібіне сәйкес 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджеттің жобасы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Есқараев Ерлан Бастарұлының, Жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар профилактикасы мен қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөз полиция департаментінің бастығы Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлының, орынбасары Мылтықов Улугбек Тұрғынұлының баяндамасы тыңдалды.

Дата публикации
06 января 2025