Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 11  желтоқсандағы № 58/506–6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 11  желтоқсандағы № 58/506–6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506–6с «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 76 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 3-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

қосымшада:

кестеде:

реттік нөмірлері 3, 13, 16, 18, 23, 29, 39, 41, 42, 50, 57, 61, 65, 68, 72, 76, 78 -жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

№

Маршруттың нөмірі

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар

 

3

4

«Оңтүстік» шағын ауданы – Шәмші Қалдаяқов көшесі

13

19

Әуежай – Төле би көшесі

16

23

Сейтжан Құртаев көшесі – Қапал батыр көшесі

18

26

Санжар Жандосов көшесі – «Ақниет» шағын ауданы

23

35

«Арғымақ» шағын ауданы – «11 шағын ауданы» аялдамасы

29

51

«Бекжан» базары – Түркістан көшесі

39

66

«Ынтымақ-2» шағын ауданы – «Тұран-2» шағын ауданы

41

68

«Күншығыс» шағын ауданы – Юрий Гагарин көшесі

42

69

Саяжол көшесі – «Бекжан» базары

50

96

«Сәуле» шағын ауданы – «Қазығұрт» шағын ауданы – «Көмешбұлақ» аялдамасы

57

122

№7 емхана – №142 мектеп – Азаттық көшесі

61

138

«Тұрлан» шағын ауданы – Тәуке хан даңғылы

65

143

«Бадам-2» тұрғын алабы – «Ордабасы» алаңы

68

147

«Ордабасы» алаңы – «Ақжар» тұрғын алабы – «Құлагер» шағын ауданы

72

158

«Самал» шағын ауданы – «18 шағын аудан» аялдамасы – «№13 емхана» аялдамасы

76

180

«Көкбұлақ» тұрғын алабы – «Арбат» аллеясы» аялдамасы

78

191

«Қарабастау» тұрғын алабы – Бауыржан Момышұлы көшесі

»;

        реттік нөмірлері 80, 81, 82 - жолдармен мынадай мазмұндағы толықтырылсын:

«

№

Маршруттың нөмірі

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар

 

80

5

«Құрсай» шағын ауданы – Республика даңғылы

81

8

«Көл» аялдамасы – Мұнайбарлаушылар көшесі

82

207

«Сайрам» тұрғын алабы – Nursultan Nazarbaev даңғылы

».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
03 июня 2026