«2026 – 2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/275-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2026 – 2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 31/275-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шымкент қаласы мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/275-VIII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Шымкент қаласының 2026 – 2028 жылдарға арналған  бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер – 840 701 325 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 610 532 693 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 15 897 585 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15 728 340 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 1 894 897 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 196 647 810 мың теңге;

2) шығындар – 813 151 738 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 1 673 472 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер – 3 869 237 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 195 765 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 1 387 552 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерін сатып алу – 1 387 552 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 24 488 563 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –   - 24 488 563 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 

 

Дата публикации
03 июня 2026