Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
кестеде:
мынадай мазмұндағы 116, 117, 118-жолдармен толықтырылсын;
реттік нөмірлері 106, 109-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов