1. Жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін қандай құжаттар қажет?
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңына сәйкес, жер телімінің мемлекеттік актісі, қала әкімінің жобалауға рұқсат беру туралы қаулысы, сәулет жоспарлау тапсырмасы (АПЗ), техникалық шарттар қажет.
2. Мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасыны жарамдылық мерзімі қанша?
Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығының 13-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Бұйрық), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін үш және одан да көп жыл ішінде құрылыс басталмаған жобалау-сметалық құжаттама ескірген болып есептеледі және
осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес түзетілгеннен (бастапқы материалдар жаңартылғаннан, жобалық материалдар өзектендірілгеннен), қайта сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін іске асыру үшін пайдаланылады.
3. Тұрғын үй нысанның кепілді мерзімі ішінде орын алған кемшіліктер кімнің тарапынан жойылады және жауапкершілігі?
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі №409 Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 665-бабына сәйкес, егер құрылыс мердігерлігі шартында өзгеше көзделмесе, мердігер құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген көрсеткiштерге жеткiзiлуiне және шартқа сәйкес кепiлдi мерзiм iшiнде объектiнi пайдалану мүмкiндiгiне кепiлдiк бередi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 293-бабында айып төлеу ұғымы көрсетілген, яғни борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі №409 Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 272-бабына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.
4. Көппәтерлі тұрғын үйлерге бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жасау үшін қандай құжаттар қажет?
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №246 бұйрығына» сәйкес, тұрғын үйдің жалпы мүлкін (шатыры, кіреберісі, су, кәріз, жылу, ортақ электр жүйелері, қасбеті) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қайтарымды қаржы негізінде күрделі жөндеуден өткізіледі.
Нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау) туралы шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста қабылданады. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келісуі қажет. Келісім хаттамасына сәйкес тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады.