Шымкент қаласы әкімдігінің «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес бос лауазым орнына конкурс жариялайды:
Бос лауазымның атауы: «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – 1 бірлік.
Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, пошталық индекс (160011 ескі редакцияда) Х08М7Р6, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Республика даңғылы №12 «А». Байланыс телефоны 8(7252) 77-836-62.
Конкурс өткізу мерзімі: Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Конкурс өткізілетін орын және мекеменің орналасқан мекенжайы: Шымкент қаласы әкімдігінің «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі, индекс 160010, Шымкент қ. Nursultan Nazarbaev, № 10 ғимарат, 10-қабат.
Байланыс телефоны: 8 (7252) 24-75-59.
Кәсіпорын директорының лауазымына үміткерлерді іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Азаматтық (Жалпы және Айрықша бөлімдері) Кодексін; ҚР Еңбек Кодексін; ҚР Әкімшілік рәсімдік-процесстік Кодексін; ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы»; ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»; ҚР «Құқықтық актілер туралы»; Заңдары және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, және қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу.
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету (суды жинау, өңдеу және тарату, суару жүйелерін пайдалану).
Лауазымдық міндеттері: «Тұрғын үй - коммуналдық инфрақұрылымдық дамудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 санды қаулысы негізінде мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- шатырды, жертөлені, баспалдақтарды жөндеу, лифтілерді орнату және бөлшектеу, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды сейсмикалық нығайту;
- құрылыс, монтаж және жөндеу жұмыстары, тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес пәтерлер (үй-жайлар) иелерінің қарыздарын өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау;
- жобалық-сметалық құжаттама және шығындар сметаларын дайындау бойынша жұмыстар жүргізу;
- қасбеттерді күрделі жөндеу;
- суды жинау, өңдеу және тарату;
- кәріз жүйелері мен жылу жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
- электр және монтаж жұмыстары;
- техникалық байқау және техникалық сертификаттау, тұрғын және басқа ғимараттардың энергетикалық аудитін жүргізу.
- Серіктестік атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
- Серіктестіктің атынан өкілдік ету құқығына сенімхаттар, оның ішінде ауыстыру құқығымен сенімхаттар береді;
- Серіктестік Қатысушысының келісімі бойынша Серіктестік директорының орынбасарын және бас есепшісін тағайындайды. Серіктестік қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау, ауыстыру және жұмыстан босату туралы бұйрықтар шығарады, еңбекақы төлеу жүйесін анықтайды, лауазымдық жалақы мен жеке үстемемақылардың мөлшерін белгілейді, сыйақы төлемдер туралы шешім қабылдайды, ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады.
- Қатысушының айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ оған Қатысушы берген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Директордың жұмыс тәртібі Қатысушы бекіткен Серіктестік директоры туралы ережеде айқындалады.
Конкурсқа мынандай тұлғалар қабылданбайды:
Кәсіби біліктілігі мен дағдысы: Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де құқықтық актілер, мемлекеттік органдардың кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін, экономиканың және экономиканың тиісті саласының, жалпы Қазақстан Республикасының дамуының басым бағыттарын айқындайтын заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары, стратегиясы, басымдықтары, ұйымның қызметіне қатысы бар басқа да органдардың әдістемелік және нормативтік материалдары, ұйымның бейіні, ерекшелігі және құрылымының ерекшелігі, ұйымның өндірістік қуаты мен кадр резерві, ұйымның өнім өндіру технологиясы, салық заңнамасы, ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібі, ұйымның шаруашылығын жүргізу және басқарудың заманауи әдістері, стратегиялық жоспарлау, шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және оларды орындау тәртібі, ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеудің және жасаудың және әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу тәртібі, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуге тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысушылар құжаттарын мына мекен-жайға тапсырады: Шымкент қаласы әкімдігінің «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі, индекс 160010, Шымкент қ. Nursultan Nazarbaev, № 10 ғимарат, 10-қабат.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 15 күннен соң тоқтатылады.
Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік 10 күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әнгімелесу өткізіледі.
Анықтама телефоны: 8(7252) 24-75-59.
Шымкент қаласы әкімдігінің «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі