ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІНЕ ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Құрылыс кодексі қолданысқа енгізілді. Құжат құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау, заңсыз құрылысқа жол бермеу және нысандардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды нақтылайды.
Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Берік Дүйсенов мәлімдеді.
Жаңа нормаларға сәйкес, мемлекеттік құрылыс инспекторының құрылыс нысанын пайдалануға қабылдау рәсіміне қатысуы міндетті. Сондай-ақ рұқсатсыз немесе заң талаптарын бұза отырып салынып жатқан нысандар анықталған жағдайда, тиісті ақпарат сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.
Бұдан бөлек, анықталған заң бұзушылықтардың нәтижесі бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарға ауыртпалық енгізу қажеттілігі туралы мәліметтер кадастр органдарына беріледі.
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары Тәуке хан даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы үйге жапсарлас орналасқан 2 нысанға тексеру жүргізді. Нәтижесінде ұялы телефондар сатылып, жөнделіп келген бұл нысандарда мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері заңсыз пайдаланылып, тиісті құжаттар рәсімделмей құрылыс жүргізілгені анықталды.
Ал нысандардың меншік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сотқа ғимараттарды бұзу туралы талап-арыз берілді. Соттың шешімімен құрылыс нысандары заңсыз деп танылып, қазіргі таңда бұзылуда.
Осы орайда меншік иелерінен құрылыс-монтаждау жұмысының алдында заң және құрылыс нормаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Заң талаптары сақталмаған жағдайда ірі көлемдегі айыппұлдар салынып, заңсыз құрылыс бұзылуы мүмкін.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 28 тамызда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».
Акция Шымкент қаласында «Арбат» саябағында (Бейбітшілік көшесі №4-6) сағат 16.00-де басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.
Құрметті қала тұрғындары!
Тұрғын үй және газ техникалық испекциясының функциялары Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасының құзырына өткенін хабарлаймыз.
Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының орналасқан жері: Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Республика даңғылы "12 А".
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтитын кезең: 01.01.2025-15.06.2026 жыл аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 13.05.2026-15.06.2026 жыл аралығы.
Осыған орай, аталған талдауға байланысты ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз болған жағдайда интернет желісінде құрылыс нысандарының құқықтық мониторингі бөлімінің бас маманы Медетов Нұрқасым Қанатұлы 8 (7252) 53-02-31 телефонына немесе n.medetov@shymkent.gov.kz электрондық поштасына хабарлама қалдыруға болатынын ескертеміз.