Меню

Страницы

Статья

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласы Қайтпас -1 шағынауданында газдан уланудың алдын-алу және рұқсат етілмеген орындарда шомылудың қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Қаратау әкімдігі, Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары бірлесе отырып, үйлерді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

            - Шымкент қаласында өткен жылыту маусымында 600-ге жуық адам газдан уланды. Жылыту маусымы аяқталғанына қарамастан тұрғындардың улануы әлі де кездесіп жатыр. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін халыққа барынша түсіндіріп жатырмыз. Ең бастысы «Қазақстан Республикасының газ және газ жабдықтау» туралы заңының талаптарына сәйкес әрбір тұтынушы үйішілік техникалық қызмет көрсетуші компаниялармен келісім шарт жасауы міндетті. Мұндай мекемелер газ қондырғыларының дұрыс орнатылуы мен пайдаланылуын және өзге де қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз етеді. Заңның осы талабының тұрғындар тарапынан ескерілмеуі адамдардың газдан уланып, тіпті кейбірінің қазаға ұшырауына себеп болуда, - дейді Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ - техникалық инспекция бөлімінің бас маманы, мемлекеттік инспектор Данияр Әшірәлиев.

Айта кетейік, тиісті мекемелер тұрғындар арасында осындай түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

«Шымкент келбеті»- Айдар ҚҰЛЖАНОВ,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.

Дата публикации
09 июня 2022
Дата обновления
09 июня 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 августа 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
14 августа 2025
Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ
14 августа 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы