Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлер назарына!!!

ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІ. КӘСІПОРЫНДАРДЫ, ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ САЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ҚР ҚН 1.03-00-2011* (үзінді)

 «Құрылыс объектісін тексеру кезінде субьект үшін негізгі (бастапқы) талаптар»

Жергілікті атқарушы орган талап еткен жағдайда құрылысты салушы тұлға қала аумағына шығатын құрылыс алаңын жабдықтайды, көлік құралдарының құрылыс алаңынан шыға берісте доңғалақтарын тазалау, жуу пунктерімен, сонымен қатар қоқыс жинау бункерлерімен, ал желілік объектілерде жергілікті атқарушы орган белгілеген орындарда қамтамасыз етеді.

Құрылыска қажетті, бірақ құрылыс алаңына жатпайтын әрі тұрғындар мен қоршаған ортаға қаупі жоқ белгілі бір аумақтарда уақытша қолдану қажеттілігі туындаған кезде осы аумақтарда қолдану, қорғау (қажет болса) және тазалау тәртібі осы аумақтардың (қоғамдық аумақтар - жергілікті атқарушы органмен) иесімен жасасқан келісім бойынша анықталады.

 Құрылыс салушы тұлға кез келген жұмысқа кіріспес бұрын нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес құрылыс алаңын және жұмыстың қауіпті аймақтарын қоршайды.

Алаңға кіре берісте объектінің, құрылыс салушының (тапсырысшы), жұмысты орындаушының (мердігер, бас мердігер) аты, тегі, лауазымы және объект бойынша жұмысқа жауапты адамның әрі құрылысқа жетекшілік ететін жергілікті атқарушы орган немесе мемлекеттік сәулет құрылысын қадағалау органы (егер қадағалау жүзеге асырылса) өкілінің телефон нөмірі, жұмыстың басталуы мен аяқталуы, объект сызбанұсқасы жазылған тақтайша орнату керек.

Жұмысты орындаушының аты, телефон нөмірі жазылған тақтайшаларды құрылыс алаңынан тыс жұмыс жерлердегі қоршауларға, шағын ғимарат пен имараттарда, жабдықтың ірі элементтерінде, кабельді барабанда және т.с.с. ілу кажет.

Егер құрылыс алаңындағы ғимараттар мен құрылыстар пайдаланылмаса, ондақұрылыс салушы тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіп төндіруді болдырмайтын шараларды қолға алу керек (коммуникациялардан ажыратып, ірі ыдыс құтылардың ішін босатып, қауіпті немесе улы заттарды жою тиіс).

Құрылыс салушы тұлға ғимаратқа адамдар мен жануарлардың кіруіне жол бермейтін шаралар жасау қажет.

Аталған нормаларды сақтауды сұраймыз. Орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес (әкімшілік, азаматтық,) жауапкерщілік көзделгенін назарыңызға жеткіземіз.

Дата публикации
15 апреля 2020
Дата обновления
15 апреля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

14 августа 2025
Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ
Ақпарат
14 августа 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
14 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау: «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы