СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабында - өтініш берушілердің өтініштері бойынша хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелер береді деп көрсетілген. Яғни, хабарлама берген кезде, талон автоматты түрде беріледі, ал оны қабылдау туралы шешім хабарлама жіберілгеннен кейін (үш күн ішінде) беріледі. Ал хабарламаны қабылдайтын мемлекеттік орган хабарламадағы кемшіліктерді анықтап, хабарламаны кері қайтарып, тізілімнен (реестрден) шығарады. Өз кезегінде тапсырыс беруші құрылыс жұмыстарын бастап, хабарламасы тізілімнен шығарылғанына мән бермей құрылысты жүргізеді. Құрылыс жүргізу барысында талон тіркелмеуінен техникалық қадағалаушы объектінің жай-күйі туралы есеп тапсырмайды, сондай ақ тапсырыс беруші құрылыс аяқталғаннан кейін объектіні пайдалануға қабылдау актісін рәсімдеу кезінде қиындықтарға тап болады. |
Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 Заңына ұсыныс енгізу. |
Шығыс хатты уәкілетті органда тіркеу |
|
2025 жыл 15 маусым |
|
2 |
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 320-бабының 4, 5, 6-тармақтарында: 4. Кондоминиум объектісін басқару органының тұрғын үй заңнамасында көзделген жағдайларда, екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісіне арналған ағымдағы және (немесе) жинақ шоттарын ашу мерзімдерін бұзуы — ескерту жасауға алып келеді. 5. Кондоминиум объектісін басқару органының, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушының, басқарушы компанияның кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептерді ұсыну мерзімдерін бұзуы – ескерту жасауға алып келеді. 6. Осы баптың төртінші және бесінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 253 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 33 бірлескен бұйрығының 4 қосымшасында тексеру парағындағы талаптармен сәйкестендіру бойынша ұсыныстар енгізу. |
Шығыс хатты уәкілетті органда тіркеу |
|
2025 жыл 10 маусым |