
Нысандардың құрылыс–монтаж жұмыстарынының сапасын қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс берушілердің техникалық қадағалау қызметіне, жобаларды дайындаушылардың авторлық қадағалауларына және мердігерлердің (бас мердігерлердің) қызметтеріне бақылауды жүзеге асыру;
Тексерулердің қорытындысы бойынша құрылыс субъектілеріне берілген нұсқамалардың орындалуына бақылау жасау.
Салынып және қайта жаңғыртылып жатқан нысандардағы апаттар мен қирағандардың себептерін тексеру бойынша комиссияларға қатысады;
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қызметін тексеруіне қатысады.
Объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану.
Жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.