Гүлдер аллеясында гүл сату бойынша сауда нысандарына арналған эскиздік жобаларды анықтау жөніндегі конкурс

1. Қатысушыларға қойылатын талаптар

 Конкурсқа қатыса алатындар:

 – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген жеке кәсіпкерлер;

 – Кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар.

 Қатысушылар:

 – Шымкент қаласы аумағында тіркелген және жұмыс істеп тұрған бизнесі болуы тиіс.

 Қатысушылар Қазақстан Республикасының сауда орындарын пайдалану, экология, санитариялық нормалар және т.б. саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

 

 

2. Өтінім беру тәртібі

 Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар белгіленген үлгіде өтінім тапсыруы тиіс (2-қосымша). Өтінімде келесілер көрсетілуі қажет:

   – Компания атауы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты-жөні;

  – Байланыс деректері (телефон, электрондық пошта);

  – Қызмет түрі (МКҰЭД коды);

  – Бизнес-жоспардың қысқаша сипаттамасы (сауда нысанының сипаты, ассортименті, іске асыру ерекшеліктері және т.б.);

  – Сауда нысанының эскизі;

  – Бизнес-жоспар;

  – Бизнес тіркелгенін растайтын құжаттар.

 Өтінімдер электрондық пошта арқылы қабылданады: flowers_shim@mail.ru.

 Өтінім беру мерзімі – 10 күн.

 Бір қатысушы бір немесе бірнеше сауда орнына эскиздік жобалар ұсына алады.

Дата публикации
23 мая 2025