Құжаттың аталуы: Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (әрі қарай – ИИДМБ).
Құжаттың нөмері және датасы: «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 Қаулысы.
Мемлекеттік орган-әзірлеуші: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Іске асыру мерзімі: 2020-2025 жылдар.
Нысаналы индикаторлар
Негізгі нысаналы индикаторлардың орындалуы бойынша келесі динамикасы қалыптасты.
2019 жылы өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің көлемі 69,6 мың АҚШ долл./адам, 2018 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 15,5%-ға артқан.
Өсім сусындар өндіруде (231,8%), химия өнеркәсібінде (113,1%), машина жасау саласында (183,7%), жиһаз өндіруде (331,7%), өзге де дайын өнімдер өндіруде (164,4%) байқалады.
Аталған көрсеткіші бойынша статистикалық деректері 1 тоқсан кешігіп жарияланады.
2020 жылғы қаңтар-ақпанында экспорт көлемі 63 млн. АҚШ долл. құрап, алдынғы жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 25,7%-ға, 2018 жылғы сәйкес кезеңіне – 56,1% (НКИ – 43,9%) төмендеген.
Экспорт көлемінің төмендеуі тамақ өнеркәсібі (81,0%), жеңіл өнеркәсібі (49%), мұнай қайта өңдеу өнімдері (29,1%), химия өнеркәсібі (38,2%), құрылыс материалдары (99,8%), металлургия өнеркәсібі (60,9%) есебінен қалыптасты.
2020 жылғы қаңтар-сәуірінде инвестициялар көлемі 14,2 млрд. теңгені құрап, алдынғы жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 34,5%-ға (НКИ -65,5%), ал 2018 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға дейін төмендеген.
Бүгінгі таңда аталған индикаторлары бойынша жоспарлар өңірлер үшін бекітілмеген. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикалық көрсеткіштерін декомпозициялау жұмыстарын жүргізуде.