Шымкент қаласының өңірлік кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша анықтама

2020-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында жалпы 328,6 млрд.теңгеге 3788 жаңа жұмыс орнымен 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 2020 жылы 61,9 млрд.теңгеге 1416 жұмыс орнымен 15 жобаны жүзеге асыру көзделген. Бүгінгі таңда жобаларды өзектендіру жұмыстарына сәйкес 2020 жылы 23,8 млрд.теңгеге 454 жаңа жұмыс орнымен 6 жоба жүзеге асыру жоспарланып отыр.

  1. «Амир-А» (Sin Yuan Steel) ЖШС Металлургиялық зауыттың құрылысы, жоба құны 18 000 млн.теңге, 250 жұмыс орны;
  2. «Рахат-Шымкент» ЖШС Қант және қатты печенье өндірісі, жоба құны 3 200 млн.теңге, 34 жұмыс орны;
  3. «B.A.E.R.» ЖШС Медициналық дәке және таңу материалдарын өндіру кешенінің құрылысы, жоба құны 316 млн.теңге, 50 жұмыс орны;
  4. «New technology Ltd» ЖШС Дизельді-генераторлы зауыт құрылысы, жоба құны 280 млн.теңге, 30 жұмыс орны;
  5. «Нұр-kz» ЖШС Түсті металл бұйымдарын құю кіші зауытының құрылысы, жоба құны 331 млн.теңге, 23 жұмыс орны;
  6. «Корпорация «Аманта» ЖШС Газоблок шығаратын зауыт құрылысы, жоба құны 1 725 млн.теңге, 67 жұмыс орны.
Дата публикации
11 июня 2020