«Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама

«Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама

 Шымкент қаласы                                                                               29.07.2021 ж.                                        

Осы талдамалық анықтама қол қоюшы жұмысшы топпен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ішкі талдауы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының (әрі қарай - басқарма) 2021 жылғы 2 сәуірдің №26 н/қ бұйрығы негізінде басқарманың 2021 жылдың I жартыжылдығына басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:

1)    басқармасының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылық жасауға ықпал ететін өкілеттік пен нормаларды анықтау;

2)    персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

3)    мүдделер қақтығысын реттеу;

4)    бақылау функцияларын іске асыру;

5)    ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер;

6)    мемлекеттік қызмет көрсету;

7)    бұқараралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

8)    басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

 Талдамалық анықтама:

1. Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілермен және құқықтық актілердің арасында сыбайлас жемқорлық және құқық бұзышылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.

Талдау қорытындысы бойынша дискрециялық уәкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететін нормалар анықталмады.

2. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.

Ішкі талдау мерзімінде 1 кадрлық таза ауысымдылық болған. Кадрлық ауысулар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүргізілген.

Атап айтқанда, қызметшілер өз өтініштері негізінде лауазымдарынан босатылған.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында бүгінгі күнге қызметкерлердің жалпы штат саны-30 бірлік, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер - 19 бірлік, келісім шарт бойынша –
11 бірлік.

Сонымен қатар, меритократия бойынша басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс нәтижесінде бас маман бөлім басшысы, бөлім басшысы басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2021 жылдың I жартыжылдығында басқарма басшының 120 бұйрығы оның ішінде: негізгі қызмет бойынша бұйрықтар - 46, жеке құрам бойынша мемлекеттік қызметшілер бұйрығы - 38, жеке құрам бойынша техникалық персонал бұйрығы - 36 дайындалды.

2021 жылдың I жартыжылдығында, басқарманың 1 мемлекеттік әкімшілік қызметшіге еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік шара көрілді.

3. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмады. Басқармада ерлі-зайыптылар мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары анықталмады.

4. Бақылау функциялары жоқ.

5. Басқармада жалпы 2021 жылға жергілікті және республикалық бюджет есебінен жалпы 10441047,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде 1 жартыжылдығында игерілгені 5792376,5 мың теңге.

Басқарма бойынша мемлекеттік сатып алуға жалпы 219872072 мың тенге қарастырылған, оның ішінде 218147674 мың тенге жұмыстармен қызметтерге және өзгеде қорларды сатып алуға, 1724398 мың теңге кеңсе тауарларға мемлекеттік сатып алу бойынша қамтылған.

6. Басқармада 2021 жылдың I тоқсанында төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсетті.

Басқармада 2021 жылдың I жартыжылдығында төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсетті.

6.1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға 5 026 млн. теңге
(РБ – 1 876 млн.тг., ЖБ – 2 950 млн.тг.) бөлінген, оның ішінде:

1) банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 2 845,0 млн. теңге;

2) банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру бойынша
1 785,0 млн. теңге;

3) мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 196 млн. теңге.

6.2. 2021 жылдың 1 шілдесіне Бағдарлама шеңберінде 3 172,3 млн.теңгеге
970 жобаға қолдау көрсетілді.                                                               

1) банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 1 847,5 млн. теңгеге 386 жобаға қолдау көрсетілді;

2) банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру бойынша
1 128,8 млн. теңгеге 541 жобаға қолдау көрсетілді;

3) мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 20 млн. теңгеге 4 жобаға қолдау көрсетілді.

6.3. Басқармадағы «Elicense.kz» порталы мемлекеттік деректер қоры арқылы «Қара және түсті металдар қалдықтарын жинау, сақтау, өткізу, қайта өңдеу» бойынша 50 ЖШС-не рұқсат берілгені туралы хабарлама түсті.

7. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша басқарма қызметшілерінің қатысуымен 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстелдер өткізілді. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен БАҚ-да 4 мақала жарияланған. Ай сайын басқарманың мемлекеттік және техникалық қызметкерлері және басқармаға қарасты мекемемен және кәсіпкерлермен дөңгелек үстелдер тұрақты түрде өткізілді.

Шымкент қаласының және индустриалды-инновациялық даму басқармасының орналасқан жері яғни, Шымкент қаласы  Nursultan Nazarbaev даңғылы №10 ғимараттың 13-қабатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған үгіт материалдар және азаматтар мен кәсіпкерлердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саласы бойынша шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшік орнатылған.

Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына сәйкес басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері жыл сайынғы кіріс пен мүлік туралы декларацияларды тапсырады.

8. 2021 жылдың 1 шілдеге дейін басқармаға 1987 кіріс хат түсіп оның ішінде: жеке және заңды тұлғалардан - 93, басқармадан жолданған хаттар саны 1568, ішкі шығыс - 2 хат жолданды.

Қорытынды:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және құқық бұзушылық анықталмады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсынылады:

1. Басқарма қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді күшейту.

2. Басқарма қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында заңнама талаптарына сәйкес, құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізу.

3. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» орындалуын қамтамасыз ету.

 

 

Дата публикации
12 октября 2021