
Басқарманың негізгі бағыттарының бірі өңірдің инвестициялық қызметін жақсарту және ілгерілету болып табылады. Басқарма инвестицияларды тартумен айналысады: сыртқы және ішкі, түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және инвестициялық жобалар портфелін басқару.
Инвестиция саласының негізгі мақсаты:
- қаланың салаларын дамыту үшін инвестициялар тартады;
- сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық байланыстарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
- отандық инвесторларға бәсекелес ортаны қамтамасыз ету;
- республиканың аймақтарымен, жақын және алыс шетелдермен қаланың аймақаралық, интеграциялық өзара тиімді байланыстарын дамыту және нығайту, шекаралық ынтымақтастықты жандандыру, қаланың экспорттық-импорттық әлуетін тиімді пайдалануға, аймақтық тауар өндірушілердің өнімдерін шетке шығару географиясын және өткізу нарығын кеңейтуге, шетелдік инвестиция тартуға ықпал ету.