
Өнеркәсіп-шикізат пен отын өндірумен; энергия мен еңбек құралдарын өндірумен (халық шаруашылығының басқа салалары үшін де, өнеркәсіптің өзі үшін де); өнеркәсіпте немесе ауыл шаруашылығында өндірілген материалдар мен өнімдерді өңдеумен; тұтыну тауарларын дайындаумен айналысатын кәсіпорындардың (кеніштердің, шахталардың, электр станцияларының, зауыттардың, комбинаттардың, фабрикалардың) жиынтығы. Өнеркәсіп-қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейіне шешуші әсер ететін халық шаруашылығының аса маңызды саласы. Өнеркәсіптің салалық құрылымы-оған кіретін әртүрлі салалар мен өндіріс түрлерінің құрамы мен үлестік қатынасы, сондай-ақ осы үлестердің өзгеру серпіні.