GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
06 октября 2026
Құрметті бухгалтерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Бухгалтерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге толағай табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Әр күніңіз сәттілікке, еңбектеріңіз жетістікке толы болсын! Кәсіби біліктіліктеріңіз бен жауапты еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

05 октября 2026
Ұстаздар күні!

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұстаз — білім мен тәрбиенің шамшырағы, ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, болашаққа жол ашатын ардақты мамандық иесі. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, мейірімдеріңіз бен шәкірттерге деген жанашырлықтарыңыз — қоғамның жарқын болашағына қосылған баға жетпес үлес. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз! Ұстаз еңбегі — ұлы еңбек! Мерекелеріңіз құтты болсын!

28 сентября 2026
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 30 қыркүйекте өтеді

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 30 қыркүйекте Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».

Акция Шымкент қаласында «Арбат» гүлзарында  (Бейбітшілік көшесі  №4-6) 2026 жылы 30 қыркүйек сағат 16.00-де  басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық  және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.

19 сентября 2026
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ

Таза қоршаған орта — жарқын болашақтың кепілі.
Тазалықты сақтауға үлес қосу — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Сенбіліктің мақсаты аумақты қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру үшін қала тұрғындарын біріктіру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Таза Қазақстан — өзімізден басталады! 🇰🇿

13 сентября 2026
ОТБАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Сіздерді шын жүректен Отбасы күнімен құттықтаймыз! 💚✨
Әр шаңыраққа амандық, татулық, бақ-береке және мол бақыт тілейміз!
Отбасыңыз әрдайым сүйіспеншілік пен қуанышқа толы болсын!

Ізгі тілекпен,
Шымкент қаласының Қаржы басқармасы.

11 сентября 2026
«Елді өзгертетін оқырман ұлт» .

«Елді өзгертетін оқырман ұлт»

«Оқырман ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы халқы арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар үшін білімнің маңызды көзі ретінде насихаттауға бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.

Жобаның миссиясы

Қазақстан азаматтарының бойында бала кезінен бастап тұрақты кітап оқу дағдысын қалыптастыру және елімізді әлемдегі ең көп кітап оқитын он мемлекеттің қатарына қосу.

05 сентября 2026
ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ 🇰🇿

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаған ұлы тұлға, ағартушы, ғалым, ақын және ұлт ұстазы.

«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» – деген ұлағатты сөзі ана тіліміздің ұлт өміріндегі маңызын айқын көрсетеді.

Тіл – халықтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен рухын сақтайтын асыл қазына.
Ана тілімізді құрметтеу, дамыту және келер ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ міндет.

Тілімізді құрметтейік!
Ұлтымыздың рухын бірге биіктетейік! 🌿

Шымкент қаласы
Қаржы басқармасы

01 сентября 2026
1 ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІ!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 1 Қыркүйек — Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа оқу жылы жаңа мүмкіндіктерге, жарқын бастамаларға және толағай жетістіктерге бастасын. Білім мен ізденіс жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, әр күніңіз жаңа жетістіктерге толы болсын!

Ізденісіңізге табыс, еңбегіңізге жеміс тілейміз!

Шымкент қаласының Қаржы басқармасы

25 августа 2026
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 28 тамызда өтеді

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 28 тамызда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».

Акция Шымкент қаласында «Арбат» гүлзарында  (Бейбітшілік көшесі  №4-6) 2026 жылы 28 тамыз сағат 16.00-де  басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық  және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.

 

20 августа 2026
Кәсіпкерлерге тендер негізінде жалға берілген мемлекеттік мүлік нысандарына мониторинг жүргізілді.

Кәсіпкерлерге тендер негізінде жалға берілген мемлекеттік мүлік нысандарына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында нысандардың мақсатты пайдаланылуы, кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы және шарт талаптарының орындалуы зерделенді.

Аталған жұмыстар мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану, оның сақталуын қамтамасыз ету және шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау мақсатында жүргізілуде.

Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Социальные сети
Шымкент қаласы қаржы басқармасы
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы