"Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы қаланың коммуналдық мүлкін басқару" бағытының негізгі атқаратын қызметтері:
- қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- Шымкент қаласының коммуналдық заңды тұлғаларын құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуға, оларды құруға, қайта ұйымдастыруға, таратуға, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығаруға қарайды және келісім береді;
- мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген коммуналдық мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Шымкент қаласының әкімдігіне тиесілі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің Қаржы-шаруашылық қызметіне талдауды жүзеге асыру;
- акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) Шымкент қаласының әкімдігіне тиесілі коммуналдық заңды тұлғалардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есептілігін Мемлекеттік мүлік тізіліміне тапсыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.