"Қала бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру" бағытының негізгі атқаратын қызметтері:
- облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бюджетті нақтылау кезінде қаржыландыру жоспарына және бюджеттік өтінімдерге уақытылы өзгерістер енгізу және жылдық қаржыландыру жоспарына қосымша есептермен Бюджеттік өтінімді жасау;
- шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыруды және ұсынуды ұйымдастыру;
- қаланың жергілікті бюджетінің орындалуы бойынша бюджеттік есепке алуды жүргізу;
- тұрғын үй құрылысына бөлінген бюджеттік кредиттердің есебін және мониторингін жүзеге асыру;
- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй салу үшін бағалы қағаздар бойынша мониторинг жүргізу;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің мониторингін жүргізу;
- орталық мемлекеттік органдардың және қала әкімі аппаратының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жүргізу;
- жиынтық тоқсан сайынғы және жылдық есептерді ұсыну;
- орталық мемлекеттік органдардың және қала әкімі аппаратының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жүргізу;
- жиынтық тоқсан сайынғы және жылдық есептерді ұсыну;
- мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын игермеуі бойынша ақпарат жинау;
- әлеуметтік сала қызметін үйлестіру;
- жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша желілерге, штаттарға, контингенттерге талдау жүргізу.