Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру тәртібі  Объектiлердi тендер өткізбей мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру

Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру тәртібі

 Объектiлердi тендер өткізбей мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру

1. Мынадай:

1) курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер, көрмелер мен спорттық іс-шаралар өткізу үшін білім беру, ғылым, мәдениет және спорт ұйымдарының үй-жайлары (оның аудандарына қарамастан) мен жабдықтары (оның құнына қарамастан) сағат бойынша берілген;

2) кандидатқа, саяси партияға не олар сенiм бiлдiрген адамдарға сайлаушылармен кездесулер өткiзу және сайлау алдындағы үгiттер жүргізу үшін үй-жайлар берілген;

3) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және объектілердің баланс ұстаушыларына қызметтер көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу (мемлекеттік тапсырыс) туралы шарттар жасаған өнім берушілерге не егер мемлекеттік сатып алу (мемлекеттік тапсырыс) туралы шартта өнім берушілерге үй-жайлар және жабдықтар ұсыну қарастырылған жағдайда, осы объектіде орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға үй-жайлар мен жабдықтар берілген;

4) ауданы жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны жүз елу еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын өзге де мүлікті (автокөлік құралдары, жабдықтар, жиһаз, ұйымдастыру техникасы) берілген;

5) банкоматтар мен мультикассалар орнатуға арналған алаңдар берілген;

6) Ұлттық почта операторы қызметі ауылдарда, ауылдық округтерде жүзеге асырылған;

7) аудандық коммуналдық мүлікке тиесілі және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруына объектілер берілген;

8) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасасқан өнім берушілерге үй-жайлар (олардың алаңына қарамастан) мен жабдықтар (оның құнына қарамастан) берілген жағдайларда, объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендер өткізбей жүзеге асырылады.

2. Осы Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі немесе одан да көп өтінім берілген жағдайда, оларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендер өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Осы Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі немесе одан көп өтінім берілген жағдайда жалға беруші осы объектілерді тендер өткізу арқылы мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру туралы ақпаратты осындай шешім қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына орналастыруды қамтамасыз етеді.

3. Объектіні тендер өткізбей мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге арналған өтінімнің негізінде (бұдан әрі - өтінім) жүзеге асырылады.

Өтінім объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесін (сканерленген) қоса, объектіге қажеттіліктің негіздемесін көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында жасалады.

Осы Қағидалардың 7-тармағының 3) және 8) тармақшаларында көрсетілген объектілер бойынша тізілім веб-порталында өнім беруші мемлекеттік мүлікті (үй-жайлар мен жабдықтарды) ұсынуды көздейтін шарттарда көрсетілген қатысушылардың ғана өтінімдерін қабылдайды.

4. Кандидатқа, саяси партияға не олар сенiм бiлдiрген адамдарға сайлаушылармен кездесулер өткiзу және сайлау алдындағы үгiттер жүргізу үшін үй-жайлар беру жалға берушінің атына ерікті нысандағы жазбаша өтініштің негізінде жүзеге асырылады.

Жалға беруші өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде кандидатты, саяси партияны немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарын жылжымайтын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасасуға дайындығы туралы хабардар етеді.

Осы Қағидалардың 9-тармағының екінші бөлігінің талаптары кандидатқа, саяси партияға немесе олар сенiм бiлдiрген адамдарға сайлаушылармен кездесулер өткiзу және сайлау алдындағы үгiттер жүргізу үшін үй-жай беру жағдайларына қолданылмайды.

5. Жалға беруші Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген объектілерді қоспағанда, объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру өтінімін бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Жалға беруші Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген объектілерді жалдауға (жалға алуға) беру туралы өтінімді бірінші өтінім түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Жалға беруші объектілерді жалдауға (жалға алуға) беру туралы өтінімді (өтінімдерді) қарау нәтижелері бойынша мынадай:

1) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы;

2) осы тарауға сәйкес осы Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі және одан көп өтінім берілген жағдайда, тендер өткізу туралы;

3) объектінің заңды жағдайы бойынша жалға беруші өзге шешім қабылдаған немесе өтінімде көрсетілген объектінің осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

6. Жалға алушымен шарт мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында электронды түрде жасалады және ЭЦҚ пайдалана отырып жалға беруші мен жалға алушы қол қояды және шарттың сәйкестендіргішін көрсете отырып, тізілім веб-порталында тіркеледі.

Дата публикации
Дата обновления
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

28 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
06 января 2020
"Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы қаланың коммуналдық мүлкін басқару" бағытының негізгі атқаратын қызметтері

Социальные медиа

Шымкент қаласы қаржы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы