2021 жылы әкімдіктің 15 жыл мерзімге кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы қаулысы қабылданды.
Электрондық сауда-саттық нәтижелері бойынша "AUHAL" ЖШС жеңімпаз болып танылды. Шартқа сәйкес сенімгерлік басқарушы объектіге 500 млн. теңге инвестиция салуға тиіс.
2022 жылы қабылдау-тапсыру актісі негізінде ШЖҚ"№2 қалалық емхана" МКК мүліктік кешені Сенімгерлік басқарушыға берілді.
"AUHAL" ЖШС-нің міндеттемелерін орындамауына байланысты қаржы басқармасы сенімгерлік басқару шартын бұзу туралы талап-арыз жолданып, 2024 жылғы 20 мамырда Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қаржы басқармасының сенімгерлік басқару шартын бұзу туралы талабын қанағаттандырды.
Бүгінгі таңда "AUHAL" ЖШС және ШЖҚ "№2 қалалық емхана" МКК тараптары мемлекеттік мүлікті беру актісіне қол қою бойынша жұмыстар жүргізілуде.