Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 2020 жылдың 1 маусымынажоспар бойынша 150 868,7млн. теңге болса, нақты 167 787,4млн. теңгені құрап,есепті кезеңге жоспармен салыстырғанда 111,2%-ға немесе кіріс бойынша жоспар-болжам 16 918,8млн. теңгеге артық орындалды.
Кірістер бойынша жоспар-болжамның аса асыра орындалуы келесі түсімдер түрлері бойынша белгіленді:
-Жер салығы-1,3 есеге;
-Орманды пайдаланғаны үшін төлем-5,4 есеге;
-Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемі-1,5 есеге;
-Коммуналдық меншігіне жататын жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақысы-3,8 есеге;
-Мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, санкциялар, өндіріп алулардан-1,6 есеге;
-Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан берілетін тұрғын-үй жайларды жекешелендіруден-3,5 есегеартық орындалды.