Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 2020 жылдың 1 мамырынажоспар бойынша 109992,6млн. теңге болса, нақты 136356,0млн. теңгені құрап,есепті кезеңге жоспармен салыстырғанда 124%-ға немесе кіріс бойынша жоспар-болжам 26363,3млн. теңгеге артық орындалды.
Кірістер бойынша жоспар-болжамның аса асыра орындалуы келесі түсімдер түрлері бойынша белгіленді:
- Жер салығы-1,8 есеге;
-Жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемі-2,1 есеге;
-Коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер-1,7 есеге;
-Коммуналдық меншігіне жататын жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақысы-2 есеге;
-Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары-2,6 есеге;
-Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан берілетін тұрғын-үй жайларды жекешелендіруден-3,1 есе;
-Жерді сатудан-2,1 есегеартық орындалды.