2019 жылы құрылысы жаңадан аяқталған 21 тұрғын үй, 4 мектеп, 1 қазандық, 32 коммуникация жүйелері коммуналдық меншікке қабылданып, тиісті басқармалардың теңгеріміне берілді.
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 қаулысымен бекітілген «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасына» сәйкес, жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде, 2019 жылысыйға тарту шарты бойынша 5 ЖСҚ, 10 моноблок пен 7 принтер, коворкинг орталығының құрал-жабдықтары және Шымкент темір жол вокзалы мен мүліктері коммуналдық меншікке қабылданып, тиісті басқармалардың теңгеріміне берілді.
Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, тәркіленген10 қапқант,1 қап құрғақ сүт, 0,9 кг қоюлатылған сүт және Төле би көшесі, 21-үйдегі 13 және 46 пәтерлеркоммуналдық меншікке қабылданып, тиісті басқармалардың теңгеріміне берілді.