«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы№ 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі –Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс – шараларын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы орган шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) көлемі – 32 690 000 000 (отыз екі миллиард алты жүз тоқсан миллион) теңгеден артық емес;
3) нысаналы мақсаты –Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс – шараларын қаржыландыру.
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауүшін Шымкент қаласында таратылатын мерізімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.