«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) көлемі – 20 000 000 000 (жиырма миллиард) теңгеден артық емес;
3) нысаналы мақсаты–мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерізімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.