Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 2020 жылдың 1 ақпанына 28 млрд.626,4 млн. теңгені құрап,есепті кезеңге жоспармен салыстырғанда 117,8% - ға 24 млрд. 295, 7 млн. теңге сомасында орындалды. Бұл ретте кіріс бойынша жоспар-болжам 4 млрд. 330,7 млн. теңгеге артық орындалды.
Шымкент қаласына Республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруіне байланысты соңғы үш жылда кіріс жөніндегі жоспар-болжам 3,8 есеге артты, тиісінше түсімдердің нақты көлемі 5,2 есеге артты.
Бюджет шығыстарының серпіні қала бюджеті бұрынғысынша әлеуметтік-бағдарлы болып табылатынын көрсетті,бұл ретте жыл сайын қаланы дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қаражат көлемі ұлғаюда. Бұл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, тұрғын үй, жол, балалар және спорт алаңдарының, білім беру мекемелерінің және басқа да әлеуметтік объектілердің құрылысына арналған шығындар.