Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
«Шымкент қаласының қаржы басқармасы»
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
1. |
Басқарма басшысы |
Өз құзіретінде қала бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру және қаланың коммуналдық мүлкін басқару |
Мүдделер қақтығысы, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланумен/теріс пайдаланумен байланысты тәуекелдер |
Орта |
|
2. |
Басшының орынбасары |
Қала бюджетінің атқарылуына және қаланың коммуналдық мүлкіне байланысты жұмыстарды ұйымдастыру |
Мүдделер қақтығысы, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланумен/теріс пайдаланумен байланысты тәуекелдер |
Орта |
|
3. |
Мүліктік жалдау, жекешелендіру, сенімгерлік басқару бөлімі (бөлім басшысы және бас мамандар) |
Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру |
Жеке тұлғаларға артықшылық беру |
Орта |
|
4. |
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті талдау және қалыптастыру бөлімі (бөлім басшысы және мемлекеттік сатып алумен айналысатын маман) |
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу |
Жеке тұлғаларға артықшылық беру |
Орта |
|
5. |
Коммуналдық меншікті басқару бөлімі (бөлім басшысы және бас мамандар) |
Коммуналдық мүлікті коммуналдық заңды тұлғаларға беру туралы шешім қабылдайды |
Жеке тұлғаларға артықшылық беру |
Орта |
Шымкент қаласының
қаржы басқармасының басшысы Р. Бактыбаев