GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Құлақтандыру
20 октября 2026
ҚАЙТПАС ШАҒЫН АУДАНЫНДА ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қаратау ауданы әкімі аппаратының мамандары Қайтпас шағынауданы, Ақберен көшесіндегі табиғи газ жүйелеріне тексеру жұмыстарын жүргізді.

Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және газ инфрақұрылымының жай-күйін бақылау мақсатында ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау және қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Құлақтандыру
20 октября 2026
НҰРТАС ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЖАҢА ГҮЛЗАР АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Нұртас шағынауданы, Ақбота көшесінің бойында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және елді мекен аумағын абаттандыру мақсатында жаңа гүлзардың құрылысы жүргізіліп, толық аяқталды.
Жалпы көлемі 18 соток жер учаскесін қамтитын гүлзар аумағында тұрғындардың, әсіресе балалар мен жастардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне арналған бірқатар нысандар қарастырылған.
Атап айтқанда, гүлзар аумағында:

• балаларға арналған ойын кешені;
• жастар мен тұрғындарға арналған воркаут алаңы;
• теннис үстелі;
• тұрғындардың демалуына арналған жайлы орындар;
• аумақтың көркін арттыратын субұрқақ орналасқан.

Гүлзардың салыну қажеттілігі жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін ескере отырып туындаған. Сонымен қатар, аумақты таңдау барысында оның әлеуметтік маңыздылығы ескерілді.
Жоба мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
Жобаның тапсырыс берушісі – Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты КММ, мердігер мекеме – ОО ОИ «RIZYQ».
Жаңа гүлзар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, шағынауданның көркін ажарландыра түсті.

23 сентября 2026
Тұран шағынауданында жаңа спорт және балалар ойын алаңшасы ашылды

Халық қатысатын бюджет жобасы аясында Тұран шағынауданы, Түркібасы көшесінің бойында тұрғындардың игілігіне арналған ашық спорт және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

Жаңа алаңша балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, белсенді қозғалыспен айналысуына және спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мақсатында салынды. Алаң аумағында балаларға арналған ойын элементтері мен тұрғындардың дене шынықтыруына арналған спорттық құрылғылар орнатылған.

Аталған нысан шағынаудан тұрғындарының ұсыныстары мен сұраныстары негізінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылды.

Жоба бойынша мердігер мекеме – «Талап» қоғамдық бірлестігі.

Жаңа спорт және ойын алаңшасы тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына, балалардың белсенді демалысын ұйымдастыруға және шағынауданның көркейіп, абаттануына өз үлесін қосады.

24 августа 2026
САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында «Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту» тақырыбында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесу Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткізіліп, оған дін істері, ішкі және жастар саясаты салаларының өкілдері, ардагерлер ұйымы және өзбек этномәдени бірлестігінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жалпыұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау, өзара түсіністік пен татулықты қалыптастырудың маңызы жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Қаратау ауданында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулері алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі
07 августа 2026
Қаратау ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында рейдтік жұмыстар күшейтілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қаратау ауданында санитарлық тазалықты сақтау, заңсыз қоқыс орындарының алдын алу және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Аудан аумағында жауапты сала мамандарының қатысуымен тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Рейд барысында белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданудаБүгінгі күнге дейін аудан аумағында 9 рейдтік іс-шара өткізіліп, санитарлық талаптарды бұзу бойынша 67 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар анықталған 1 заңсыз қоқыс орны толықтай жойылды.Заңсыз қоқыс орындарының алдын алу мақсатында ауданның «қызыл аймақ» картасы әзірленіп, проблемалық нүктелер тұрақты бақылауға алынған. Сондай-ақ аудан әкімдігі қолжетімді дрон құрылғысының көмегімен аумақтарды бақылап, стихиялық қоқыс орындарын анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты түрде ақпараттық материалдар жарияланып келеді. Бүгінге дейін осы бағытта 6 ақпараттық материал жарық көрді.
Аудан тұрғындары заңсыз қоқыс орындары немесе абаттандыру мәселелері бойынша қала әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығы арқылы хабарлама қалдыра алады. Барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданады.
Тазалық – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы қаламыздың көркеюіне бірге үлес қосайық!

ҚҰРЫЛТАЙ
20 июля 2026
Шымкент қаласы Қаратау ауданының Call-орталығы
ҚҰРЫЛТАЙ
02 июля 2026
Жарлықтар Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы 2026 жылғы 01 шілде Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Жарлықтар
Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы
2026 жылғы 01 шілде
Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 1 шілде

№ 1338

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі
30 июня 2026
Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында әр дүйсенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында әр дүйсенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруалар өз өнімдерін нарық бағасынан төмен бағада ұсынады. Барша тұрғындарды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз! орысшасы керек

Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі
23 июня 2026
Қала күніне орай Қаратау ауданында аудан әкімінің кубогі өтті

19 маусым – Қала күні мерекесі аясында Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен көркем гимнастикадан аудан әкімінің кубогіне арналған спорттық жарыс өткізілді.

Аталған додаға 100-ге жуық жас спортшы қатысып, өздерінің шеберлігі мен өнерін көпшілік назарына ұсынды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар жүлделі орындармен және арнайы марапаттармен наградталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Сонымен қатар жарыс барысында 26 мамыр мен 26 маусым аралығында республика көлемінде өтіп жатқан «Есірткіге қарсы күрес айлығы» аясындағы түсіндіру және насихат жұмыстары да қамтылып, жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, денсаулықты сақтау және белсенді өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен дәріптелді.

Қаратау ауданында тұрғындарды спортқа баулу, жастардың денсаулығын нығайту және қоғамдық маңызы бар бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі
23 июня 2026
Қаратау ауданы әкімі аппаратында азаматтарды жеке қабылдауы тұрақты түрде өткізіледі.

Кезекті азаматтарды қабылдауды Қаратау ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қожықов Нұрбол Бағдатханұлы өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен сауалдары тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша заң аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

📍 ҚАБЫЛДАУҒА АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ:
📞 8 (7252) 77-90-86.

Социальные сети
Facebook
Youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы