Меню

Страницы

Статья

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі Р.Мулкемановтың 2022 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы

Аудан аумағы

Қаратау ауданының аумағы 32 256 гектар, халық саны 266 мыңнан астам. Аудан аумағында 24 елді мекен, жалпы көшелер саны – 1272, демалыс орындарының саны – 7.

Қаратау ауданы әкімі аппаратының штаттық құрылымы бойынша аудан әкімінің 3 орынбасары, 1 аппарат басшысы және 5 бөлімнен құралып, жалпы  32 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді.

Жобалық кеңсе бойынша индикаторлар толық 100 % орындалды.

2022 жылы аудан әкімі аппаратында өкім саны -58, өтініштер саны –420, жеке қабылдау саны –36.

 

Аудан аумағына тартылған бюджет көлемі

Шымкент қаласы Қаратау ауданына салыстырмалы түрде 2017 жылы тартылған бюджет көлемі 19,8 млрд.теңге болса, 2018 жылы 32,7 млрд. теңге, 2019 жылы 48,6 млрд.теңге, 2020 жылы 59,4 млрд.теңге, 2021 жылы 72,5 млрд.теңге, 2022 жылы тартылған бюджет көлемі  90,27 млрд.теңгені құрады.

 

Инвестиция бойынша

2022 жылға Қаратау ауданына 40 млрд. теңгені құрайтын инвестиция тарту тапсырылған. Аудан аумағында құрылыстарға мониторинг жүргізіліп, осы жылы құрылыс аяқталатын 126 жоба анықталды. Оның жалпы суммасы 45,9 млрд. теңгені құрайды.

Қазіргі таңда, Қаратау ауданы  бойынша жеке кәсіпкерлер есебінен салынып жатқан 15 жоба аяқталып, 18 млрд. теңгенің есебі Шымкент қаласы Статистика департаментіне тапсырылып, аталған көрсеткіш 45% орындалды.

 

Аудан аумағындағы өндіріс аймақтары

Аудан аумағында орналасқан ірі және орта кәсіпорындар саны – 12.

Ауданда «Тассай» индустриалды аймағы орналасқан. Аталған аймақта 37 жобаны іске асыру жоспарланған және 2500-ге жуық жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда, 20 жоба іске қосылып, 1500 жұмыс орны ашылған. Ағымдағы жылдың соңына дейін 10 жоба іске қосылып, 605 жұмыс орны ашылады. Инвестиция көлемі 30 млрд. құрады (1 теңге бюджет есебінен тартылса, 43 теңге жеке инвесторлар есебінен тартылған).

Сонымен қатар, мемлекет басшысы жолдауда 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтуді тапсырды. Осы орайда, ауданымызда жаңадан 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды.

  1. «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. 21 жоба іске асырылып, 1500 жұмыс орны ашылады.
  2. «Агроиндустриалық» аймағы. 14 жоба іске асырылып, 369 жқмыс орны ашылады. Қазіргі таңда, аталған аумақтарда инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізілуде.

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны – 20, кестемен қамтылғаны – 3, тасымалды – 1.

Қаратау ауданы аумағында 2021 жылы 4 елді мекен Асар-2 ш/а (1-кезек), Достық ш/а, Тассай т/а, Тұран ш/а ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда, аудан аумағындағы 2 елді мекен Қайнарбұлақ т/а, Асар-2  (2-кезек) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған елді мекендердегі ауыз су құрылысының жұмысы 2023 жылға өтпелі. 2023 жылдың соңына қарай аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100 % қамтылатын болады.

 

Электр жарығымен қамту

Сапалы электр жарығымен қамтылған елді мекендер саны – 21, сапасыз электр жарығымен (жеке меншік) қамтылғаны – 3.

2021 жылы аудан аумағындағы Достық ш/а, Асар-2 ш/а (1-кезек) электр жарығымен қамтылды.

2022 жылы 6 елді мекенде Тұран ш/а, Қайнарбұлақ т/а, Асар-2 ш/а (2-кезек) және Достық ш/а (2-кезек), Тассай т/а (ОЖТ тарапынан инвест бағдарлама аясында), Нұртас ш/а сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, сапалы электр жарығымен қамту көрсеткіші - 97% құрайды.

 

Табиғи газбен қамту

Табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны- 18, жартылай қамтылғаны – 3, қамтылмағаны – 3.

2021 жылы Достық ш/а, Асар-2 ш/а, Азат ш/а және Тассай бөлімшесін табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, аталған елді мекендерде абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы 6 елді мекен Қайнарбұлақ т/а мен саяжайы, Асар-2 (2-кезек), Тұран ш/а, Нұртас ш/а, Тассай тұрғын алабын табиғи газбен қамту жоспарланған. Қайнарбұлақ т/а мен саяжайын табиғи газбен қамту жұмысы 2023 жылға өтпелі. Ағымдағы жылы жұмыстардың аяқталуына орай, елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші- 90% құрайды. 2025 жылға дейін табиғи газбен қамту көрсеткішін 100% жеткізу жоспарлануда.

 

Кәріз жүйесімен қамту

Жалпы аудан аумағында орталық кәріз жүйесімен қамтылған елді мекендер саны – 5, қамтылмағаны – 19.

2021 жылы Мирас ш/а, Тұран ішкі магистрал жұмыстары басталып, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары аяқталады.

2022 жылы қосымша 4 елді мекенде Ақжайық ш/а, Асар-2 ш/а, Тассай т/а және Достық шағынауданын кәріз жүйесімен қамту жұмыстары басталды. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, елді мекендерді кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші – 42,7% құрайды.

2025 жылға дейін аталған көрсеткішті 65% жеткізу жоспарланған.

 

Жолдар құрылысы

Аудан аумағында жалпы ұзындығы – 1 110 шақырымды құрайтын –  1 272 көше бар. Оның 463,5 шақырым, яғни, 472 көше – асфальт, 540 шақырым, 761 көше – шағал тас, ал 28 топырақ көше, бұл – 21 шақырымды құрайды.

2021 жылы аудан аумағындағы 58,6 шақырымды құрайтын 61 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.             

Ағымдағы жылы 83,6 шақырымды құрайтын 89 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда, 36 нысанда жұмыстар толық аяқталса, 32 нысанда құрылыс жұмыстары атқарылуда.

Жалпы 2022-2025 ж.ж. аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Аудан аумағындағы көшелерді

жарықтандыру жұмыстары

Аудан аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған.

2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар орналасқан 31 көше, ал ағымдағы жылы 39 көше жарықтандырылатын болады. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150 көшені жарықтандыру жоспарланған.

 

Халық қатысатын бюджет

 

Халық қатысатын бюджет шеңберінде аудан әкімдері тарапынан келесі:

  • Аумақты көгалдандыру;
  • Тротураларды жайластыру;
  • Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
  • Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру;
  • Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
  • Қоқыс тастайтын орындарды жою;
  • Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, ураналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
  • Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру іс-шаралары дауыс беруге шығарылады және іске асырылады.

Қаратау ауданы аумағында 2021 жылы 2 жобаға 77,3 млн.теңге қаралған. 2022 жылы 20 жоба 766,2 млн.теңгеге атқарылған. 2023 жылы 25 жобаны жүзеге асыру жопарланған.

 

Білім саласы

2022 жылдың қаңтар айында «Сайрам» т/а 300 орындық мектептер пайдалануға берілді. №72 мектепке 600 орындық қосымша құрылыс  жұмыстары басталып, жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда.

Таскен ш/а №115 мектеп бойынша жеке инвестор есебінен 1 000 орындық мектеп құрылысын салу үшін инвестормен келіссөздер жүргізілуде. Нәтижесінде, ауданымызда 3 ауысымдық оқыту мәселесі кезеңімен  өз шешімін табатын болады. 

 

Аудан аумағындағы су алу қаупі бар орындар мен ирригациялық арық салу бойынша жұмыстар

Аудан аумағындағы 378 көшеге ирригациялық орнатылған. Жалпы ұзындығы – 225,2 км. құрайды.

Аудан аумағында су басу және көлдеу қауіпі бар 22 мекенжай анықталып (Ұзындығы 13,7 шақырым) 2022 жылы ирригациялық жүйелер салу жоспарланған. Қазіргі таңда, 12 орынға мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары кезеңмен атқарылуда. Ал, қалған мекенжайларға мердігер мекеме анықталуда.

 

Аудан аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстары

 

2021 жылы бюджеттен 1,2 млрд.тг қаржы қаралып, 32 аулаға біріктірілген  53 көп қабатты үй аулалары толық абаттандырылып, 29 ашық спорт алаңы салынды. 

2022 жылы 35 аулаға жаттығу элементтері мен ойын алаңдарының құрылысын жүргізу үшін «Strong Servise» ЖШС және «Nomad Synergy» ЖШС мердігер мекемелері  мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып анықталып, қазіргі уақытта жұмыс атқаруда.

Ағымдағы жылдың наурыз айындағы мәслихат сессиясында қосымша 4 аулаға жаттығу элементтері мен ойын алаңдарына 203,5 млн.тг. және 6 ашық спорт алаңшаларына 141,2 млн.тг. қолдау тапты. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

 

Аудан аумағындағы көшелерді

жарықтандыру жұмыстары

2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар орналасқан 31 көше, ал ағымдағы жылы 29 көше жарықтандырылатын болады. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін аудан аумағындағы 144 көшені жарықтандыру жоспарланған.

Ағымдағы жылы аудан аумағындағы маңызға ие және тұрғындардың өтініштері негізінде 250 орынға бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін атқарылатын болады.

 

Көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары

 

2021 жылы Ауданда орталық 92 көшеге көгалдандыру және көріктендіру жұмыстары атқарылды.

Оның ішінде:

  • 13 900 ағаштар санитарлық қырқылып, әктелді;
  • 24 024 м2 легустралар қырқылып, ағаш түптері ашып тазаланды;
  • 10 848 м2 газон егу жұмыстары атқарылды;
  • 1 825 020 м2 шөп ору жұмыстары атқарылды;
  • 10 656 дана ағаш көшеттерін егу жұмыстары атқарылды;
  • 170 448 дана гүлдер егіліп суарылды.

Аталған жұмыстар мердігер мекеме «Build Stroy» ЖШС тарапынан атқарылды.

2022 жылы осы жоғарыда аталған жұмыстарды атқаруға 814 млн. тенге қаржы қаралып, мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс қорытындысына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

 

Аумақтарда санитарлық тазалықты сақтау

Санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 10 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.

2022 жылы санитарлық тазалық жұмыстарына бюджеттен 2,2 млрд. тенге қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

2022 жылы аудан тұрғындарының қатысуымен Шымкент сити, Кеңжарық көшесі бойына және көп қабатты үй аулаларына 2500 түп ағаш көшеті отырғызылды. Аталған жұмыстар көктем-күз мезгілдерінде тұрақты түрде атқарылатын болады.

 

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары

Ауданда бей-берекет қоқыс жиналуына жол бермеу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, аудан бойынша 2021 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші – 99%. Аталған көрсеткішті 100 % жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Көп қабатты тұрғын аулаларындағы жалпы 93 қоқыс алаңшаларын ай сайын қызмет көрсетуші мекемелер «Экоспецтранс» ЖШС, «Шымкент спецкомплекс» ЖШС тарапынан айналасы тазаланып, дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

 

Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мәселелері

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, тұрғындарға тұрғын үйлерді басқару жүйесін, «Мүлік иелерінің бірлестігін» немесе «Қарапайым серіктестік» құру қажеттігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, қазіргі таңда 10 мүлік иелерінің бірлестігі және  374 қарапайым серіктестік құрылды.

Қазіргі таңда, жаңадан пайдалануға берілген көп қабатты үйлерде «Мүлік иелерінің бірлестігін» немесе «Қарапайым серіктестік» құру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

 

Төтенше жағдай бойынша атқарылған жұмыстары

2022 жылы көктем-күз мезгілдеріндегі жауын-шашын кездерінде су алу қаупінің алдын-алу бойынша Қайнарбұлақ саяжайында оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігінің  алдын-алу жұмыстары да кестеге сай жүзеге асырылуда.

 

Атаулы әлеуметтік көмек

2021 жылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппаратында 9 учаскелік комиссия құрылып, құрамына 61 адам тартылған. Атаулы әлеуметтік көмекке 35 884 өтініш білдіріп,   31 986 отбасы мұқтаж деп танып, 3 898 отбасы түрлі себептермен мұқтаж емес деген қорытынды берілді.

2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 5164 өтініш білдіріп,   4394 отбасы мұқтаж деп танып, 164 отбасы түрлі себептермен мұқтаж емес деген қорытынды берілсе, ал 605 отбасының құжаттары комиссия қарауында.

 

Ономастикалық ахуал

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен көшелерге кісі есімін беру тоқтатылған (мораторий). Алайда, жер-су, таулардың, табиғи көріністер мен қазақи көркем атауларды беру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда, аудан аумағында атауы жоқ 213 көше орналасқан. Аталған көшелерге тұрғындардың қатысуымен хаттамалар түзіліп, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныс жолданды. Ағымдағы жылдың 17 мамырында тұрақты комиссия қарауына ұсынылатын болады.

2022 жылы аудан аумағындағы 155 көшеге тақтайша орнату жұмыстарын жүргізу мақсатында  атқарылатын болады.

 

Ретсіз сауда орындары мен  жарнамаларды реттеу

Аудан аумағындағы белгіленбеген орындарда орналасқан дүңгіршектер мен киіз үй иелеріне құзырлы мекемелердің қызметкерлерімен бірлесе түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы заңсыз орналасқан 14 дүңгіршек, иелері тарапынан өз еріктерімен алып тастады.

2022 жылы  3 айында ҚР ӘҚБК 204- бабына сәйкес 231 хаттама толтырылып 505 395 тг айыппұл салынды, 505 бабына сәйкес 981 хаттама толтырылып  658 545 тг айыппұл салынды.

2022 жылы заңсыз орналасқан 10 дүңгіршек, иелері тарапынан өз еріктерімен алынып тасталды.

 

Қаратау ауданы бойынша жеке тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру бойынша

Қаратау ауданы бойынша индикаторлардың орындалуы:

 жоспар - 180 000 м2,

орындалғаны – 211 670 м2

Шымкент қаласы бойынша статистика департаментіне ұсынылды.

 

«I-KOMEK 109» ситуациялық орталығы бойынша

Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының «I-KOMEK 109»  ситуациялық орталығына ағымдағы жыл басынан аудан құзырына қарасты 219 өтініш келіп түскен, 208 өтінішке жауап берілді, 11 өтінішпен жұмыс атқарылуда. Өтініштердің шешімі табуы бойынша тұрғындармен кері байланыс  орнатылып, жұмыстар жүргізілуде.

 

Дата публикации
07 ноября 2022
Дата обновления
07 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
22 декабря 2023
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕБІ МАҢЫЗДЫ!
Ақпарат
22 ноября 2023
ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы