Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық портфельдерді қалыптастыру критерийлерін таңдауы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №67[1] қаулысына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының №10[2] қаулысымен бекітілген қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілуде. Аталған өзгерістер инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі – ИПБ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жаңа тәсіл негізінде жүзеге асыруын көздейді. Жаңа тәсілге сәйкес, ИПБ тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдауы тиіс.

 

Осыған байланысты «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) инвестициялық портфельді басқарушылардан инвестициялық портфельдерді қалыптастырудың төмендегі критерийлерін таңдағаны туралы хабарламалар алынғанын мәлімдейді:

  • «Halyk Global Markets» АҚ – салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 12 айдың қорытындысы бойынша есептеледі;
  • «Alatau City Invest» АҚ – зейнетке шығуына 3 жылдан астам уақыт қалған салымшылардың зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 36 айдың қорытындысы бойынша есептеледі;
  • «Сентрас Секьюритиз» АҚ – салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 12 айдың қорытындысы бойынша есептеледі;
  • «BCC Invest» АҚ – салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 12 айдың қорытындысы бойынша есептеледі;
  • «Halyk Finance» АҚ – салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 12 айдың қорытындысы бойынша есептеледі.

 

[1] "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 16 қазандағы № 67 қаулысы  

[2] Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары   

Дата публикации
20 января 2026